Fake News
Қазақстанның шекарасында жоғалып кеткен бала туралы ақпарат – фейк
WhatsApp-та Қазақстанның шекарасында табылған қыз туралы ақпарат тарады. Біреулер оны ұрламақ болған, бірақ кеденде тастап кеткен екен. Бұл өтірік.
ҚР ІІМ Кедендік бақылау пунктінде жоғалып кеткен бала туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Еліміздің өңірлерінде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Бұл фейк ақпарат, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Хабарламада фейк ақпараттың белгілері бар. Мәтінде бала табылған нақты жер де, баланы фотосуреттен таныған адамдар хабарласуы тиіс нөмір де көрсетілмеген.
Демек, таратылған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.