Fake News

Дәлелсіз: «Орталық Африканың ормандарынан электрмен зарядталған тастар табылды»

Instagram-дағы пабликтердің бірінде жылтыр кішкентай тас көрсетілген видео шықты. Ол Конгоның орманынан табылған. Адамдар оған сымдар қуаттылығы аз шамды (жарықдиодты) қосқанда, тас жарқырайды. Бұл тастардың электрмен зарядталғанын білдіреді екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Конго Республикасы пайдалы қазбаларға бай ел. Бұл елден мыс, қалайы, вольфрам, алтын, күміс және т.б. табылған. Мемлекет концентраттағы кобальт өндіруден әлемде бірінші орында. Бұл элемент электронды гаджеттер шығаруда қолданылады және электр қуатын өткізудің барлық қасиеттеріне ие.

Алайда геологтар Конгодан электрмен зарядталған тастар таппаған. Лас-Вегастағы Невада университетінің геология профессоры Саймон Джоуиттің айтуынша, Орталық Африкада мұндай минерал анықталмаған. Видеода көрсетілген тастар пиритке ұқсайды, оны металға соққанда ұшқын шығады. Ғалым Associated Press News халықаралық агенттігінің журналисіне түсіндіргендей, «бұл жыныстарға жататын минералдар электр тогын өткізеді, бірақ оны өндірмейді және сақтамайды».

Батареяларға қарағанда, тастар электр қуатын өздігінен шығара алмайды. Оларда электрондарды босатып, олардың ағып кетуіне мүмкіндік беретін химиялық реакция болмайды.

Әріптесінің сөзін Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің химиялық және биомолекулалық инженерия кафедрасының доценті Ючжан Ли қолдады. Ол тастарда батареяларға тән компоненттер – оң және теріс электродтар жоқ екенін айтты.

Висконсин университетінің геология пәнінің оқытушысы Ошкош Бенджамин Халлеттің пайымдауынша, тасты ұстап тұрған адам басқа қолында батареяны жасырып тұр.

Электрмен зарядталған тастар шын табылса, бұл туралы ғылыми қауымдастық дереу хабарлайтын еді. Конгода электр энергиясын өндіретін тау жынысы табылғанына нақты дәлелдер жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button