Fake News

Дәлелсіз: «Алюминий Альцгеймер ауруы мен кем ақылдық тудырады»

Instagram-да пайдаланушылар алюминийдің кем ақылдық пен Альцгеймер ауруын тудыратыны туралы жазуда. Постта металл бөлшектерін елді мекендерге аспаннан әдейі шашады делінген. Бұл олай емес.

Алюминий – табиғаттағы ең көп таралған металл. Ол топырақта болады, одан суға, содан кейін ауаға түседі.

Сонымен қатар алюминий – 100% қайта өңделетін металл, яғни оның қасиеттерін сақтап, қайта пайдалануға болады. Ол улы емес, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Ағзада алюминийдің артық мөлшерде болуы Альцгеймер ауруының даму қаупін арттырады деген пікірталас ғылыми ортада бұрыннан бар. Бүгінгі күнге дейін ағзадағы алюминий мөлшері мен Альцгеймер ауруының арасындағы байланыс туралы дәлелдер жеткіліксіз. Ғылыми журналдарда бұл теорияны растайтын да, оны жоққа шығаратын да зерттеулер бар.

Алюминийдің кем ақылдық тудыратынына қатысты сенімді мәліметтер ғылыми әдебиеттерде келтірілмеген. 

Алюминийдің нейроуыттылығын растайтын ғылыми дәлелдер бар. Алайда, мұндай әсерлерді байқау үшін адам құрамында ауыз суға қосуға рұқсат етілген мөлшерден 10 мың есе көп алюминий бар нәрсені тұтынуы қажет.

Алюминий бөлшектерін елді мекендерде аспаннан шашады деген теория конспирологиялық болып табылады. Ол химтрейлдер теориясы деп аталады және дәлелсіз.

Демек, постта айтылғандардың бәрі дәлесіз мәлімдемелер мен фейк ақпараттар. Бұл жарияланымға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button