Fake News

Алматыдағы курьер-алаяқтар туралы ақпарат – ескі фейк

Қазақстандықтар мессенджерлерде алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертетін дауыстық хабарламамен бөлісуде. Адамдарға арзан тауарлар сәлемдемелері жеткізіледі, содан кейін қымбат смартфон «алғаны» үшін төлем жасау есебі ұсынылады екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды.

Хабарламада бір әйел Алматыда алаяқтардың әрекетінен 12 адам зардап шеккенін айтады, олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Сондай-ақ Петропавлда да осылай алданып қалған адамдар бар екен. Алайда, ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елде мұндай алаяқтық фактілері болмаған.

– Бұл 2020 жылы тараған ескі ақпарат. Мұндай алаяқтық фактілері Алматыда да, Петропавлда да тіркелген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Іс жүзінде жоқ алаяқтар мен қауіпті қылмыскерлердің әрекеті туралы ескертулер бұған дейін де тараған болатын. Мысалй, біз педофилдер тобы және қазақстандық балаларды ұрлап, Қытайға алып кететіні туралы жалған хабарламаларды жоққа шығардық.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button