Фейк: «COVID-19 бустерлік вакцинация қатерлі ісік ауруын тудырады»
Желіде онколог Ангус Далглиштің COVID-19-ға қарсы бустерлік вакцинация онкологиялық аурулар тудырады деп ескерткен хабарламасы тарады. Бұл шындыққа жанаспайды.
2022 жылы британдық дәрігер Ангус Далглиш Daily Skeptic-те өз мақаласын жариялады. Онда British Medical Journal бас редакторына қаратып айтқан сөзінде ол, COVID-19 қарсы ревакцинациядан кейін оның пациенттерінің жағдайы нашарлаған, лейкемия, Ходжкин емес лимфома және метастаздық қатерлі ісік дамыған деп мәлімдеген.
Бұған дейін Ангус Далглиш COVID-19-ды Қытай ғалымдары жасаған деген болатын. Бұл болжамды ғылыми қауымдастық жоққа шығарды. Daily Skeptic – бұл сенуге тұрарлық ресурс емес. Бұл КВИ қарсы вакциналар туралы жалған ақпаратқа толы псевдо ғылыми сайт.
Биыл Ангус Далглиштің мақаласына америкалық альтернативті медицинаны жақтаушы Джозеф Меркола сүйенді. Остеопат дәрігер КВИ-ге қарсы вакцинациядан кейін жастар арасында қатерлі ісік ауруының деңгейі өсті деп мәлімдеді. Мерколаның мәлімдемелерін фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
АҚШ-та пандемияға дейін де қатерлі ісік өлім-жітімнің негізгі себебі болған. 2021 жылы онкологиялық науқастардың саны артты. Бірақ сарапшылар мұны скринингтің кешігуімен және COVID-19 пандемиясына орайы науқастарды емдеудегі үзілістермен байланыстырып отыр.
АҚШ-тың Ұлттық онкологиялық институты Ангустың да, Мерколаның да пікірлерін дәлелсіз деп санайды. Сарапшылар КВИ қарсы вакциналар қатерлі ісіктің болу қаупін арттырмады және онкологиялық аурулардан емделіп жүрген адамдардың жағдайын нашарлатпайтынын атап көрсетті.
Демек, таралған ақпарат жалған болып табылады.