Fake News
Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласы ауылға айналған жоқ
Әлеуметтік желілерде еліміздің 13 қаласына ауыл мәртебесі берілгендігі туралы жаңалық тарады. Бұл тізімге Қарағанды облысының Қарқаралы қаласы да енген. Аймақ әкімдігі оның мәртебесі өзгертіліп, ауылға айналғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
– Қарқаралы әлі де қала. Оның мәртебесі өзгерген жоқ. Бұл қалада 9 мыңға жуық адам тұрады, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Шаповалова.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 Whats App номеріне жіберіңіз.