Fake News

Қазнетте ДДСҰ туралы фейктер топтамасы тарады

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туралы бірқатар жалған мәлімдемелер таратуда. Олардың негізгілерін талдап шығайық.

  1. ДДСҰ – бұл жекеменшік ұйым

Бұл олай емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – ондаған мемлекет өкілдерінің шешімімен құрылған коммерциялық емес ұйым.  ДДСҰ миссиясы – халықтың денсаулық сақтау саласындағы ең осал топтарына көмек көрсету.

  1. ДДСҰ-ны Рокфеллер құрды.

Бұл жалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын құру бастамасын БҰҰ-ға қатысушы елдер көтерген, олардың өкілдері 1945 жылы ұйым құруды қолдаған. Бұрын әлемде ұқсас функциялары бар бірнеше ұйым болған: Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымы (PAOZ), Женевадағы Ұлттар лигасының Денсаулық сақтау ұйымы және т.б.

  1. Билл Гейтс ДДСҰ-ға демеушілік етеді

Бұл манипуляция. Билл және Мелинда Гейтс қоры ДДСҰ-ның демеушілерінің бірі екені рас, бірақ олардың жарналарының мөлшері ұйым мүше елдерден алатын жалпы сомамен салыстыруға келмейді. Сонымен қатар Қор ДДСҰ-ға берген барлық ақша ұйымның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге емес, полиомиелитті жою бағдарламасына жұмсалады.

  1. ДДСҰ қатерлі ісік жасушалары бар вакциналар арқылы адамдар геноцидіне кінәлі

Бұл жалған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын геноцид жасады деп ешкім ешқашан кінәлаған емес. ДДСҰ мақұлдаған бірде-бір обыр жасушаларының вакцинасы табылған жоқ.  Вакцинация онкологиялық ауруларды тудырады деген теория дәлелденбеген және вакцинацияға қарсы адамдар оны өз көзқарасын насихаттау үшін белсенді қолданады. Шын мәнінде, бұл тезисті ғалымдар бірнеше рет тексеріп, вакцинация мен онкологияның даму қаупі арасында ешқандай байланыс анықтамаған. 

  1. ДДСҰ-ның кінәсінен Африкада ЖҚТБ-ға қарсы бағдарламаға қатысқаннан кейін 16 миллион адам қайтыс болды

Бұл мәлімдеме толығымен негізсіз. ДДСҰ-ның Африкадағы АИТВ және ЖИТС-ке қарсы бағдарламасы жаппай өлімге әкелгеніне ешқандай дәлел жоқ. Бүгінгі күні АИТВ талдау нәтижесі оң адамдарға толыққанды өмір сүруге және сау баланы дүниеге әкелуге мүмкіндік беретін қауіпсіз және тиімді антиретровирустық терапия бар. Бұл препараттарды әлем бойынша мыңдаған науқас қабылдайды және олардың арасында жаппай өлім байқалмайды.

  1. ДДСҰ мақұлдаған вакциналар 47 мыңнан астам баланың мүгедек болып қалуына әкелді

Бұл тезисте оқырманға Үндістандағы полиомиелитке қарсы егу науқаны төңірегіндегі қастандық теориясы ұсынылады. Вакцинацияға қарсы адамдар егілген 47 мыңнан астам бала мүгедек болып қалды деп мәлімдейді. Бірақ, біріншіден, 47 мың баланың мүгедек болғаны дәлелденбеген. Екіншіден, ауру балаларда сал ауруын тудырған полиомиелит тек егілгендерде ғана дамығаны дәлелденбеген. 

  1. ДДСҰ 10 миллионнан астам әйелді зарарсыздандыруға кінәлі

Вакциналар мен бедеуліктің арасындағы байланысы – бұл вакцинацияға қарсы адамдардың тағы бір «қорқынышты» әңгімесі. Сонымен қатар вакциналар ерлер мен әйелдердің фертильділігіне әсер етпейтінін дәлелдейтін ауқымды ғылыми зерттеулер көп.

Демек, ақпаратта келтірілген мәліметтер жалған. Тараған хабарламаға сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button