Фейк: «Аскорбин қышқылы С дәрумені емес, пайдасыз синтетикалық қоспа»
Әлеуметтік желілерде аскорбин қышқылы мен С дәрумені бірдей емес деп жазылуда. Аскорбин қышқылы – бұл нақты және пайдалы витамин ретінде ұсынылатын пайдасыз синтетикалық қоспа екен. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, С дәрумені мен аскорбин қышқылы – екеуі бірдей. Аздаған айырмашылығы бар.
Аскорбин қышқылы – формуласы C6H8O6 деп жазылатын С витаминінің таза түрінің химиялық атауы.
Табиғи С дәруменінің таза түрі сирек кездеседі, сондықтан, оның химиялық формуласы басқаша болады. Көкөністер мен жемістерде пайдалы зат бар, ол басқа элементтермен араласады және әлі де С дәрумені болады, бірақ бұл аскорбин қышқылы деп айта алмаймыз.
С дәрумені де, аскорбин қышқылы да ағзаға пайдалы. Оларды витаминдік кешендер мен биологиялық белсенді қоспалардың бөлігі ретінде ішуге де, косметикалық заттар құрамында сырттай да қабылдауға болады.
Қорыта айтқанда, аскорбин қышқылы пайдасыз қоспа емес, С витаминінің таза түрі, ол да дәруменнің табиғи түрі сияқты пайдалы.