Жалған: «Видео түрінде жасырылған вирус WhatsApp арқылы таратылуда»
Танымал WhatsApp қосымшасының пайдаланушыларына телефонды бұзатын видео туралы ескерту келіп түсуде. Ол Martinelli деп аталады, ал ондағы вирус жүйені қалпына келтіру мүмкін болмайтындай етіп зақымдайды екен. Бұл өтірік.
Martinelli ролигі жоқ, бірақ ол туралы фейк Желіде 2017 жылы тарады. Осыған ұқсас мәтін итальяндықтар арасында тарады. Жергілікті полиция мұндай вирус жоқ, демек, ол телефонды зақымдай алмайды деп жұртшылықты тыныштандырды.
2023 жылғы қаңтарда фейк Ресейге жетті. Ресейлік фактчекерлер де Martinelli-ді біреулер ойдан шығарғанын растады.
Сондай-ақ, бүгін қазақстандықтар арасында тараған хабарламада WhatsApp gold туралы айтылады. Мұндай қосымша бар. Ол 2019 жылғы қаңтарда шыққан. Оған негіз ретінде WhatsApp базасы алынды, бірақ бірнеше айырмашылық бар. Біреудің хат-хабарларын оқуға, әңгімелесушінің IP-мекен жайын білуге, пайдаланушы интерфейсін өзгертуге болады. Қаншалықты қызық болса да, бұл қосымшаны орнатпаңыздар. Алаяқтар жалған WhatsApp Gold мессенджерін таратуда. Вирус құрылғыға да, қалтаңызға да залал келтіруі мүмкін. Телефон нөміріне ақылы жазылымдар рәсімделіп, банк карталары мен шоттардан ақша алынуы мүмкін.
Яғни, ұялы телефонға Whatsapp Gold орнату қауіпті, сондай-ақ Martinelli ролигінен қорықпау керек, өйткені бұл ойдан шығарылған.