Fake News

Фейк: «Желіде күннің тұтылуын тудыратын бұлттар шығаратын машинаның видеосы тарады»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде ерекше бейнеролик таратуда. Кадрларда ашық аспан астында тұрған және ақ қалың бу будақтарын шығаратын үлкен құрылғы көрсетілген. Видео жазбасында бұлт шығаратын машина осылай жұмыс істейді, бұл Күнді мәңгі жасыру үшін қажет делінген. Бұл жалған.


Хабарлама авторының пайымдауынша, планетада мәңгілік қараңғылық орнату Билл Гейтстің идеясы. Видеода түсірілген технологияны да сол жасаған екен.
Шын мәнінде, Гейтстің таратылып жатқан роликке де, онда көрсетілген құрылғыға да ешқандай қатысы жоқ.
Видеодағы «бұлттар» шығаратын құрылғы – RS-25 зымыран қозғалтқышы. Кадрларда 2015 жылы түсірілген құрылғы сынақтары көрсетілген. Сынақтардың фотосуреттері мен видеоларын ресми сайттан және NASA YouTube каналынан табуға болады.


Билл Гейтстің қозғалтқышты жасауға еш қатысы жоқ. Ол ғарышты зерттеуді және оның негізін тартымды сала деп санамайтынын ашық мәлімдеді. 
Күнді жабатын бұлттарды жасай алатын белгілі бір машинаның бар екендігі туралы теория дәлелденбеген. Мұндай құрылғының жасалғанын немесе жасау жоспарланғанын растайтын ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button