Fake News

WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы фейк ақпарат тарады

Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы ескерту таратуда. Алты қарулы тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен екен.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазнетте бұған дейін де осындай қауесеттер тараған болатын. Пайдаланушылар Павлодар облысында үш қылмыскердің қашып кеткенін хабарлаған. Бұл ақпарат та жалған болып шықты.

Павлодар облысында колониядан қашып кеткен зорлаушылар мен маньяктар туралы қауесетке қатысты түсініктеме берілді

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button