Павлодар облысында колониядан қашып кеткен зорлаушылар мен маньяктар туралы қауесетке қатысты түсініктеме берілді
Әлеуметтік желі пайдаланушылары WhatsApp-та таратылып жатқан тағы бір ақпаратқа алаңдаушылық білдіруде. Онда павлодарлық колонияднан қашып кеткен үш аса қауіпті қылмыскер туралы айтылған, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Хабарламаға сәйкес, кәнігі қылмыскер, зорлаушы және маньяк бостандықта жүр.
Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) осы мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді.
– Әлеуметтік желілерде АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан үш сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат таратылуда. Бұл үшеуі тонау және кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстар үшін сотталған. Осыған байланысты бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Павлодар облысы ҚАЖ мекемелерінен сотталғандардың қашып кету және жазасын өтеуден жалтару жағдайлары тіркелген жоқ, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚАЖД көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.