Fake News

Фейк: «Вакциналардағы алюминий мен сынап тромбтың қалыптасуына әкеледі»

Желіде алюминий мен сынаптың әрекеттесуінің химиялық реакциясы көрсетілген ролик кеңінен тарады. Видео авторының айтуынша, екпе салдырғаннан кейін ағзада дәл осындай реакция жүреді. Препараттарда алюминий мен сынап болады екен, ал видеоға қарағанда, олар адам ағзасында тромбтардың пайда болуына әкеледі. Бұл жалған.

Алюминий Дмитрий Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінде 13-ші топта орналасқан. Бұл оттегі мен кремнийден кейінгі ең көп таралған үшінші элемент. Алюминий жер қыртысының шамамен 9% құрайды. Суда, ауада, топырақта және өсімдіктерде бар. Алюминийді түрлі мақсаттарды қолданылады. Одан сақтауға арналған ыдыстар, табалар, кастрюльдер, ұшақтар, шатыр материалдары шығарылады, оны медициналық өнімдерге қосады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша тәулігіне 40 мг/кг адам үшін қауіпсіз тәуліктік доза болып саналады.

Вакциналарда алюминий адъювант ретінде қолданылады. Бұл компонент вакцинацияға иммундық реакцияны күшейтеді. Адъюванттар вакцина мен дозаны аз мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді.

Алюминий тұздарының адъювантты қасиеттері бар екендігі 1926 жылы анықталды. Алдымен оны дифтерияға қарсы вакцинада қолданды. Содан кейін ондаған жылдар бойы тірі емес вакциналарға қосты (тірі вирус немесе бактерия болмағанда). Дәрігерлер сіреспе, көкжөтел, дифтерия және басқа жұқпалы аурулармен осылай күресті.

Филадельфия балалар ауруханасы «вакциналардағы алюминий мөлшері төмен және бұл Биологиялық препараттарды бағалау және зерттеу орталығымен (CBER) реттелетінін» айтты.

COVID-19 қарсы вакциналардың көбінде алюминий жоқ. Оның ішінде Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson бар.

Вакциналарда таза сынап болмаған және жоқ. Бұрын кейбір дәрі-дәрмек өндірушілері тиомерсалды қолданған. Бұл құрамында этил сынабы бар қосылыс. Метил сынапқа қарағанда, ағзада жиналмайды және денсаулыққа қауіп төндірмейді. Инактивтендірілген вакциналарда бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жол бермейді. Бұл ретте оның медициналық препараттардағы концентрациясы өте төмен.
Көптеген ата-аналар құрамында тиомерсал бар вакцинаны балалардағы аутизмнің дамуымен байланыстыра бастады. Бұл теорияны растамаған бірқатар зерттеулер жүргізілді. Бұған қарамастан, 1999 жылы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вакцина өндірушілерімен бірлесіп тиомерсалды қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдады. 2001 жылдан бастап 6 жастан кіші балаларға ұсынылатын вакциналардың ешқайсысында тимеросал жоқ. 2003 жылдан 2012 жылға дейін Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) аутизм ауруының өсу тенденциясын анықтаған 9 зерттеу жүргізді. Ғылыми дәлелденген мәліметтерге сүйене отырып, сарапшылар вакциналардағы тиомерсал балаларда аутизм спектрі ауруларының дамуына еш әсер етпеді деп сенімді түрде айта алды.

Вакциналар тромбтардың пайда болуына әкеледі деуге негіз жоқ. Сонымен қатар, адам ағзасынан тыс жүргізілген химиялық тәжірибе ештеңені дәлелдемейді. Сынап та, алюминий де вакциналарда таза күйінде болмайды, ал қолданылғанның өзінде адамдар үшін қауіпті емес мөлшерде болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button