Тонаушы маньяк туралы хабарлама – ескі фейк
WhatsApp-та қазақстандықтар пәтерлерді аралап, арзан ыдыс-аяқ сатып алуды ұсынып, есік ашқан адамдарды тонап, өлтіріп кететін қарақшы-маньяк туралы ескертуде. Бұл ескі фейк.
Мәтіні осындай, бірақ суреті басқа ақпарат 2016 жылы сайттар мен форумдарда жарияланған болатын. Ол кезде маньяк туралы ескерту Башқұртстанда тараған еді. Ол өтірік болып шықты, бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Қазіргі хабарлама 2018 жылдың басында шыққан. Тонап, өлтіріп кететін адам туралы Хромтау тұрғындарына ескертілді.
Тараған ақпарат басқа қалалардың тұрғындары арасында да тарай бастады.
2020 жылдың ақпанында хабарлама Украинада тарады, бірақ ол тез арада жоққа шығарылды.
Айта кетейік, Ресейде де, Қазақстанда да, Украинада да мұндай маньяктың бар екендігі расталмаған. Сондай-ақ оның «құрбандары» да жоқ.
Қорыта айтқанда, ақпарат – сегіз жыл бұрын Желіде тараған фейк.