Fake NewsКонспирология

Фейк: «Бизон жобасының көмегімен Жердегі экожүйелер жойылады»

Қазнет пайдаланушылары Жер бетінде экожүйелерді жою жоспарланып отыр деп жазуда. Ол үшін атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіретін «Бизон» жобасы іске қосылған екен. Атмосферада бұл газ онсыз да өте аз және оның мөлшерін одан әрі азайту көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өліміне әкеледі. Бұл рас па? Анықтайық.

Бизон жобасы – бұл АҚШ-тың Вайоминг штатында салынған ірі кәсіпорын. Ол атмосферадан жылына бес миллион метрикалық тонна көмірқышқыл газын «сіңіруге» мүмкіндік береді.

Бұл атмосферадағы CO2 мөлшерін азайтуға және әлемдегі жаһандық жылыну қарқынын төмендетуге септігін тигізеді.

Көмірқышқыл газы – Жер атмосферасының құрамдас бөлігі болып табылатын өте маңызды газ. Ол өсімдіктердің фотосинтезіне қатысады және олардың өсуі мен дамуының ажырамас бөлігі. Көмірқышқыл газы жануарлар мен адамдар үшін өте маңызды. Бұл қанның рН деңгейін және ағзаның басқа функцияларын реттеуге көмектеседі. Мәселе мынада, көмірқышқыл газы – парниктік газдардың бірі және Жер бетінен шығатын жылуды ұстайды. Оның атмосферадағы концентрациясының жоғарылауы планетаның бетін жылытуға ықпал етеді. Яғни, мәселе атмосферада көмірқышқыл газының болуында емес, оның концентрациясының жоғары болуында.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы пайдалы қазбаларды жағу және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы нәтижесінде алынған көмірқышқыл газының шығарындылары 37,12 миллиард метрикалық тоннаны құрады. Жыл сайын бұл көрсеткіш өседі.

Олай болса, жылына бес миллион метрикалық тоннаны «сіңіре алатын» «Бизон» жобасы жалпы көмірқышқыл газының бүкіл көлемін айтпағанда, адам қызметі нәтижесінде шығарылатын көмірқышқыл газын да атмосферадан «тартып ала» алмайды. Демек, жоба тек жаһандық жылыну қарқынын тежеуге ғана бағытталған және жаһандық климаттың өзгеруіне қарағанда экожүйелерді жоймайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button