Fake News

Фейк: «SARS-CoV-2 коронавирусы – бұл электромагниттік толқындар»

Қазнет қолданушылары SARS-CoV-2 коронавирусының әлем халқының бір бөлігін жою үшін «іске қосылған» электромагниттік толқындар екендігі туралы ерекше теорияны талқылауда. Хабарлама авторлары ресейлік TOР құрылғысының жасалуы туралы жаңалықтан кейін осындай қорытындыға келген. Әзірлеушілердің айтуынша, құрылғы кең жолақты электромагниттік сәулеленудің арқасында патогеннен қорғауды қамтамасыз ете алады.


Шын мәнінде, SARS-CoV-2 коронавирусы, коронавирус тобына жататын басқа аурулар сияқты вирус болып табылады. Адамзат коронавирустар жайлы 1930 жылдардан бері біледі. 
1960 жылдардың ортасында коронавирустың адамға жұғатын алғашқы штаммы HCoV-229E анықталды. Ол тұмау ғана тудырған.
Осыдан кейін адамға жұғатын тағы алты штамм табылды. Олардың екеуі – Sars-CoV-1 және Mers-CoV – ауыр жедел респираторлық синдромның және Таяу шығыс респираторлық синдромының қоздырғыштары.
Бұл коронавирустардың толқындар, кванттық бөлшектер немесе басқа заттар емес, нақты вирустар екендігіне күмән келтірілмеген.
Барлық басқа коронавирустар сияқты, Sars-CoV-2 де вирус болып табылады. Бұл патоген оқшауланған, оның геномы толығымен ашылып, көпшілікке қолжетімді. Сонымен қатар, оның микроскоппен түсірілген фотосуреті де Желіде бар. 
Талқыланып отырған бейнеде қарастырылған TOР құрылғысының жасалуы Sars-CoV-2 вирус екенін өзгертпейді.
Құрылғыны «Концерн Гранит» компаниясымен әзірленді және тіркеу куәлігін алды. Әзірлеушілердің айтуынша, құрылғының клиникалық сынақтары өте жоғары нәтиже көрсетті, бұл оның тиімділігін растайды.
Құрылғының егжей-тегжейлі сипаттамасында ТОР төмен қарқынды жоғары вольтты импульстарда кең жолақты электромагниттік сәуле шығарады және оның әсерінен вирус белсенді көбею қабілетін жоғалтады деп айтылған.
Демек, инновациялық құрылғыны жасап шығару SARS-CoV-2 коронавирусының мүлде вирус емес, адамдарды жою мақсатында іске қосылған электромагниттік сәуле екенін дәлелдей алмайды. Бұл теория ғылымға қарсы және баршаға белгілі фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button