Мектептерде баланың температурасын тексеру міндетті
Мектептерде баланың температурасын міндетті түрде өлшеу қажет пе, жоқ па? Интернетте ата-аналар осы мәселені талқылауда. Stopfake осыған қатысты ресми түсініктеме алды және мектептер үшін жалпыға ортақ ережеден тыс ерекше жағдайлардың бар-жоғын анықтады.
Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы карантиндік шектеулер кезеңінде білім беру ұйымдары қандай міндетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға міндетті екендіктерін айтты. Олардың ішіндегі негізгілері мыналыр:
– Мектеп ғимаратына кіру және шығу кезінде барлық оқушылар мен қызметкерлердің температурасы байланыссыз термометрмен өлшенеді. Кіре берісте қолдар мен аяқ киімнің табаны антисептикпен өңделуі керек. Аяқ киім ауыстырылуы керек;
– мектепке кіре берісте қашықтықты қамтамасыз ету үшін асфальтта таңбалар болуы керек;
– ғимаратта әр қабатта және әр сыныпта қолды өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылуы тиіс. Сонымен қатар, пайдаланылған маскалар үшін таңбаланған контейнерлер орнатылуы керек.
– Мектептерде кабинеттік жүйе болмайды. Әрбір оқушының өзінің партасы немесе үстелі болуы тиіс. Үстелдер бір-бірінен кемінде 1,5 м қашықтықта орналасуы керек.
– Көптеген ата-аналар педагогтарға балалардың денсаулығына мұқият қарағаны үшін алғысын білдіруде. Бірақ баланың дезинфекциялық заттарға, антисептиктерге аллергиясы болса, онда мектепке оны растайтын медициналық анықтама ұсыну қажет, – делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.