Fake News

Дәлелсіз: «Вакцинация нәтижесінде миллиардтан астам әйел мутациялардың тасымалдаушысы болып табылады»

Telegram-да әлем бойынша 1,25 миллиард әйел мРНҚ препараттарымен вакцинациядан туындаған геномдық мутациялардың тасымалдаушысы болып табылады деген ақпарат таратады. Бұл мутациялар болашақта балаларында болады және кейінгі ұрпақта миллиардқа жуық нәрестеге аз  туады екен. Бұл рас па, тексерейік.

Хабарламаға тіркелген видеода канадалық доктор Даниэль Нагасе сөз сөйлеп тұр. Далада тұрған сахнадан ол өтіп бара жатқан адамдарға мРНҚ вакциналары әйелдердің репродуктивті жүйе органдарында кездесетін геномдық мутацияларды тудырады дейді. Бұл мутациялар кейінгі ұрпақтан ғана білінеді, егілген әйелдерден туған балалар бедеу болады екен.

Осы дәрігердің сөзіне сенуге бола ма? Оны анықтау үшін бұл дәрігердің кім екенін анықтайық. Dr. Daniel Nagase деп іздегенде Желіден оның COVID-19 қарсы вакцинация туралы бұған дейін ажсаған мәлімдемелері шығады. Мысалы, ол COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған әйелдер қазірдің өзінде өлі нәрестелер тууда деген. Бұл мәлімдеме расталмайды және Канададағы статистикаға қайшы келді. Яғни, COVID-19 қарсы вакцинация өлі бала тууға және ұрықтың дамуында ақаулардың болуына әкелмейді.

Сондай-ақ Дэниел Нагасе «Ивермектин» ветеринарлық препараты COVID-19-дан айығудың жылдам, тиімді және қауіпсіз жол деп ашық айтқан. Шын мәнінде, зерттеулер бұл препараттың КВИ емдеуге мүлдем жарамсыз екенін көрсетті. 

Сонымен қатар оны бақылаусыз қолдану өте қауіпті жанама әсерлердің болуына әкелуі мүмкін.

Яғни доктор Нагасе бұған дейін де дәлелсіз және жалған мәлімдемелер жасаған. Оның вакцинацияланған әйелдер бедеу балаларды дүниеге әкеледі деген сөзі де жалған.

COVID-19 қарсы вакцинацияның әйелдердің репродуктивті жүйесінің жұмысына және жыныс жасушаларының қорына теріс әсер етпейтінін дәлелдейтін рецензияланған ғылыми зерттеулер бар.

Қазіргі уақытта олардың әлі тумаған балаларының репродуктивті жүйелері қалай жұмыс істейтінін айту мүмкін емес. Болашақта олар бедеу болады дегенге сенуге ғылыми негіздер мен алғышарттар жоқ.

Демек, доктор Нагасенің сөзі дәлелсіз. Онығ бұған дейінгі мәлімдемелерін ескерсек, оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button