Fake News

Фейк: «Үлкен адрон коллайдерінің жарнамасында есіз адам көрсетілген»

Telegram мессенджерінде үлкен адрон коллайдерінің жарнамасында ессіз ер адам бейнеленген деген ақпарат тарады. Бұл рас па, анықтайық.

 

Желіде үлкен адрон коллайдерінің жарнамасы деп атаған видео «Симметрия» опера фильмінің промо-ролигі болып табылады. 

Бұл фильм 2015 жылы коллайдер орналасқан CERN аумағында түсірілген. Сюжет желісі бойынша басты кейіпкер – Ғаламдағы ең кішкентай бөлшекті іздеген, бірақ соңында шексіз махаббатын тапқан ғалым.

Фильм әртүрлі фестивальдерде көптеген марапаттар алды.

Демек, бұл үлкен адрон коллайдерінің жарнамасы емес. Басты кейіпкерге келсек,  бұл оның бейнесі. Ол идея мен ғылымға құмар, бойын жын билемеген.

Адамдар ғылыми негіз табылмаған жағдайларды түсіндіру үшін «жын кірді» деп айтқан. Мысалы, психикалық аурулар, эпилепсиялық ұстамалар және қазіргі психиатрия саласында қисынды анықтамасы бар әптүрлі жағдайларды.

Сондай-ақ қылмыскерлер де оны ақталу үшін қолдануға тырысқан жағдайлар да болған. Мысалы, ең танымал кісі өлтірушілердің бірі, өз отбасының алты мүшесін өлтірген кіші Рональд Дефео мұны істеуге оны шайтан итермеледі деп айтқан. Әрине, ол ессіз болған жоқ. Сот барысында анықталғандай, кіші Дефео героин мен ЛСД көп қабылдаған, сонымен қатар онда антиәлеуметтік тұлғаның бұзылуы болған.

Кейіннен осы қылмыс негізінде бірнеше кітап жазылып, әйгілі «Амитвилл сұмдығы» қорқынышты фильмі түсірілді.

Демек, «Симметрия» опера фильмінің кейіпкерінің бойын зұлым күштер билемеген, өйткені мұндай құбылыс жоқ. Таратылған видео – бұл үлкен адрон коллайдерінің жарнамасы емес, фильмнің промо-ролигі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button