Fake News

Фейк: «Microsoft компаниясы ақырзаманға дайындалуда»

Қазнет пайдаланушылары Билл Гейтс негізін қалаған Microsoft компаниясы апокалипсиске дайындалуда деген ақпаратпен бөлісуде. Оған сәйкес, компания өкілдері арнайы қоймаға жіберу үшін барлық замандағы ұлы музыкалық шығармаларды жазып ала бастаған. Бұл Билл Гейтс пен оның серіктері ақырзаман болатын күнді біледі және оған дайындала бастағанынын белгісі емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.


Microsoft компаниясының ниеті туралы ақпаратқа Шпицберген аралында орналасқан қиямет күні деп аталатын Дүниежүзілік тұқым қоймасының фотосуреті тіркелген. Атауына қарамастан, оның ақырзаманға ешқандай қатысы жоқ. Онда әртүрлі елдерден әкелінген әртүрлі өсімдіктерінің тұқымдары сақталады. Қойма болашақта климаттың өзгеруі, табиғи апаттар, тіпті ормандарды кесу, жаңа қалалар мен елді мекендер салу арқылы адамдардың өздері әсер етуі ықтимал жер флорасының алуан түрлілігін сақтау үшін жасалған.
Бұл ретте қоймаға тұқым жіберетін елдер оларды болашақта өз қалауы бойынша пайдалана алады.
Қоймада тұқымнан басқа ештеңе сақталмайды.
Microsoft компаниясының да оған қатысы жоқ.
Ұлы музыкалық шығармаларды сақтау үшін оларды сенімді тасымалдағыштарға жазып алу бастамасын Microsoft емес, басқа бір Elire Group компанияясы ұсынған. Олар музыкалық жазбаларды сақтау идеясын алға тартты, ал Microsoft оларды қолдап, әрқайсысы 100 ГБ дейін деректерді сақтай алатын ерекше шыны пластиналармен қамтамасыз етті. Мұндай тасымалдағыштар температураның өзгеруіне, ылғалға, электромагниттік тербелістерге және басқа да қолайсыз экологиялық жағдайларға төзімді. Олар Microsoft Project Silica жобасы аясында 2019 жылы жасалғанын атап өткен жөн.
Жазылған музыкалық композициялар Норвегияда да сақталады, бірақ нақты орын әлі белгісіз.
Әндерді жазып алу идеясы апокалипстің болатынымен немесе оған дайындықпен байланысты емес. Музыка адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі болғандықтан, оның қауіпсіздігі өте маңызды және мұны арнайы технологияларсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Мысалы, 2008 жылғы 1 маусымда Universal кинокомпаниясының студиясында болған өрт салдарынан, әртүрлі есептеулер бойынша 120-175 мыңға дейін ерекше музыкалық жазбалар жойылған, оның ішінде Луи Армстронг, Чак Берия, Билли Холидей және Арета Франклиннің композициялары да бар.

Яғни, адамзаттың мәдени мұрасын сақтауды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс ақырзаманға дайындықтың белгісі емес, бұл әлемдік музыка жауһарларын қауіпсіз сақтау жүйесін құруға деген ұмтылыс.
Демек, Microsoft компаниясы ақырзаманға дайындалып жатыр деген пікір – асыра сілтеу, манипуляция және фактілерді бұрмалау.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button