Ауруларды бақылау орталығы COVID-19 ауа тамшыларымен таралмайды деп мәлімдеген жоқ
Желіде Ауруларды бақылау орталығы COVID-19 ауа-тамшы жолымен таралатыны туралы зерттеулерді жоққа шығарды деген қауесет айтылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
21 қыркүйекте Ауруларды бақылау орталығы SARS-CoV-2 бөлшектері ауада қалып, 6 фут (1,8 метр) қашықтықта таралуы мүмкін деп жазылған зерттеулер қолжазбасын қателесіп жариялаған.
Бірақ қолжазбада да, одан кейін де Ауруларды бақылау орталығы вирус бөлшектері ауа арқылы емес, басқа жолдармен таралатыны туралы ешқандай мәлімдеме жасамаған. Зерттеулер мен жаңа деректер вирустың ашық ауада сақталатын уақытына және оның таралуы ықтимал қашықтыққа байланысты.
Кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері ауруларды бақылау орталығына хабарласты.
ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан SARS-CoV-2 ауа арқылы таралмайтынына жаңа дәлелдер таппағанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, оның айтуынша, COVID-19 жөтелу, түшкіру немесе тыныс алу кезінде ең кішкентай ауа бөлшектерімен жұғады. Бұл зертханада көп рет расталғандықтан, Райан «агенттіктің ұстанымы өзгеріссіз қалатынын» жеткізді.
Вирустың ауа-тамшы жолымен таралатыны туралы теорияны түрлі зерттеулер растады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты әне басқа да бірқатар елдер мәлімдеген болатын.
Қазіргі кезде Ауруларды бақылау орталығы коронавирустың SARS-CoV-2 штаммын зерттеуді жалғастыруда. Олардың аяқталғандығы туралы есеп орталық сайтында жарияланады.