Fake News

Фейк: «Банан жапсырмалары олардың құрамында вакцина бар екенін білдіреді»

Instagram-да қазақстандықтар Билл Гейтс шығарған вакцинасы бар банандар туралы роликті талқылауда. Бұл жемістерге жасыл бақа мен Rainforest Alliance Certified деген жазуы бар жапсырмалар жабыстырылады екен. Бұл өтірік. 

Ғалымдар құрамында әртүрлі қауіпті ауруларға қарсы вакциналары бар көкөніс пен жеміс жасауды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы әзірлемелер 1990 жылдардан бері жүргізіліп келеді. Алайда, бұл міндет оңай емес, бүгінгі күні нарықта жеуге болатын бірде-бір вакцина жоқ.

Яғни, супермаркет сөрелерінде вакцинасы бар банандар жоқ және болуы мүмкін емес.

Жасыл бақа жапсырмасы мен Rainforest Alliance Certified жазуының вакциналарға және жалпы фармацевтикалық бизнеске ешқандай қатысы жоқ. Rainforest Alliance – бұл ормандарды қорғауды, экологиялық таза агроөнеркәсіпті, әлеуметтік қауіпсіздікті және ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын қолдайтын ұйым. Белгілі бір тауардағы Rainforest Alliance Certified жапсырмасы олардың осы ұйымның құндылықтарына сәйкес өндірілгенін білдіреді. Яғни, өнімді жасау кезінде ормандар шабылмады, экологияға елеулі зиян келтірілмеді, ал тауар өндіретін жұмысшыларға лайықты жалақы төленіп, қолайлы еңбек жағдайлары жасалды. Rainforest Alliance ұйымымен сертификатталған банан фермалары қосымша аумақтарды өңдемей және ормандарды шаппай өнімділікті арттыруға тырысады. Сондай-ақ бұл фермалардың қызметкерлері химиялық заттарды қолданбау үшін банан пальмаларының ауру және паразиттері бар жапырақтарын қолмен алып тастайды.

Rainforest Alliance-тың Билл Гейтсте ешқандай қатысы жоқ. Ұйым тек бір рет қана, 2007 жылы Билл мен Мелинда Гейтс қорынан Африкада ауыл шаруашылығын дамытуға грант алды. Ол кезде вакциналар немесе дәрі-дәрмектер туралы сөз болған жоқ.

Демек, вакцинасы бар банандар туралы ақпарат ойдан шығарылған. Жасыл бақа жапсырмасы тауардың экологияға ең аз зиян келтіріліп өндірілгенін және оны шығарған қызметкерлерге лайықты жалақы төленіп, қолайлы еңбек жағдайлары жасалғанының белгісі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button