Fake News

Фейк: «CNN телеарнасы жай бетперделер пайдасыз, адамдар KN95 маскаларын тағуы керек деп мәлімдеді»

Қазнетте CNN телеарнасында айтылған жаңалық таратылуда. Ол қарапайым медициналық және матадан жасалған бетперделер тиімсіз болып шықты, енді адамдар KN95 типті маскалар тағуы керек дегенге негізделген. Бұл жалған.


CNN ресми сайтында KN95 типті маскалар тағу міндетті болып табылады немесе жақын арада солай болатыны туралы жарияланымдар жоқ.
Керісінше, осы жылдың қаңтарында CNN телеарнасында мамандар KN95 маскаларының аналогы болып табылатын N95 типті маскалармен ұдайы жүрмеуге кеңес беретін сюжет шыққан.
Бүгінде АҚШ-та SARS-CoV-2 вирусының дельта нұсқасын жұқтыру жағдайларының көбеюі тіркеліп отырғандықтан АҚШ-тың кейбір штаттарының билігі KN95 типті маскаларды тегін таратуда. Олар мектеп оқушыларына арналған және оны тек сабақ кезінде ғана тағу керек. Бұл туралы да CNN хабарлады. Мұндай маскаларды тағу міндетті екендігі туралы айтылған жоқ. 
Қазіргі кезде АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы (CDC) KN95 типті маскаларды тағу міндетті болып табылатын ережелерді енгізген жоқ. Сондай-ақ, ведомство матадан жасалған және хирургиялық маскаларды пайдасыз деп танымаған. Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде жаңартылған нұсқаулықта үй-жайларда әлі де бетперде тағу керек екендігі айтылған. Бұл ретте қорғаныс құралдарын жасаудың нақты түрі мен материалы көрсетілмеген.
CDC директоры доктор Рошель Валенскидің қатысуымен өткен толық вакцинацияланған адамдарға арналған нұсқаулыққа енгізілген өзгерістерге арналған брифингте де мұндай нақтылау айтылған жоқ.
Қорыта айтқанда, CNN телеарнасы KN95 типтегі бетпердені тағу қажет екендігі туралы хабарлағаны туралы жаңалық – фейк. Телеарнаның ресми сайтында мұндай жарияланым болмаған, ал АҚШ билігі матадан жасалған және хирургиялық маскалар пайдасыз екендігі туралы жарлықтар мен ережелер шығармаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button