Fake News

Фейк: «Ұялы байланыс бағаналарының қауіптілігін дәлелдеген ғалым осы жаңалығы үшін өлтірген»

Қазнет қолданушылары ресейлік псевдоғылым қайраткері Петр Гаряев туралы тағы бір фейкті таратуда. Олардың айтуынша, оны ұялы байланыс бағаналарының көмегімен адамдарға қауіпті аурулар жұқтыруға болатындығын дәлелдегені үшін өлтірген. Мұның бәрі өтірік және конспирология.

 

 

Біз Петр Гаряевтің теориялары туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Олардың барлығы псевдоғылыми болуымен ерекшеленеді және ешқандай дәлелі жоқ. Оның негізгі теорияларының бірі толқындық генетика деп аталады. Оған сәйкес, ДНҚ-дағы ақпарат толқын түрінде сақталады. Бірақ қандай толқынға ұқсайтынын Гаряевтің өзі де білмейді: бастапқыда ол акустикалық толқындар, кейіннен бұралған, оптикалық және басқалар туралы жазды. Шын мәнінде, ДНҚ-да ешқандай толқындар жоқ. Молекуладағы ақпарат аминқышқылдарының бейне тізбегінде ұсынылған.
Алайда, Гаряев ғалымдардың сынына қарамастан, өз теориясын алға тартып, кез келген вирустың немесе бактерияның «энергетикалық ізін» жасап, оны ұялы байланыс бағаналары арқылы таратуға болады деп мәлімдеді.
Желі қолданушыларының пікірінше, Гаряев нақ осы ашқан жаңалығы үшін өлтірілген. Алайда, мұндай теория мағынасыз.
Біріншіден, Гаряевтің теориясы жалған екені анық. Өйткені, вирустар да, бактериялар да сәулелену көзі болып табылмайды. Екіншіден, олар қандай да бір толқындар шығарса да, қазіргі ғылым олардың «ізін» жасай алмайды. Мысалы, АЭС-те отын ретінде пайдаланылатын уран элементінің құймасын жасап, оны әлем бойынша өндіруді тоқтату мүмкін емес.
Сонымен қатар Петр Гаряев өзінің толқындық геномдық теориясын әлемге 1994 жылы таныстырды. Гаряев 2020 жылдың тамызында қайтыс болды, яғни, жұмысын жарияланғаннан кейін 26 жыл өткен соң.
Осы уақыт ішінде жетекші ғалымдар оның теориясын сынға алып, жүргізген тәжірибелерінің белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтінін және олардың нәтижелері дұрыс түсіндірілмегенін атап өтті.
Демек, Петр Гаряев 26 жыл бұрын ашқан псевдоғылыми жаңалығы үшін өлтірілді деп айтуға негіз жоқ. Ғалымдар толқындық гендер теориясын ешқашан шын деп қабылдамаған, өйткені оған дәлел жоқ. Гаряевтің қайтыс болуының ресми себебі көпшілікке айтылмады, бірақ оның зорлық–зомбылықпен өлтірілгені туралы сенімді деректер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button