Fake News

Дәлелсіз: «Жаңа туған нәрестелердің жынысын ауыстыратын клиника ашылды»

Instagram-да қазақстандықтар Торонтода ашылған клиника туралы жазуда, ол жаңа туған нәрестелердің жынысын ауыстыру бойынша қызмет көрсетіледі екен. Видеода мекеменің кіреберісі және клиниканың ресми сайтынан алынған скриншоттар ұсынылған. Бұл не? Анықтайық.

Фотосуретте Thrive kids clinic атауы көрсетілген. Желіден жылдам іздегенде мекеменің ресми сайтына сілтеме шықты. Клиника біржола жабылған екен.
Бір аптадан аз уақыт бұрын TikTok қолданушылары клиника туралы видеоларды белсенді түрде жариялап, онда сәбилердің жынысын ауыстыратын туралы хабарлаған болатын. Бұл ретте клиниканың сайтындағы скриншоттарда мұны растайтын ақпарат жоқ. Скриншоттарға қарағанда порталда клиникада балалардың жалпы денсаулығын бақылау және сәбилерге үйге барып, патронаждық қарау сияқты қызметтер көрсетілетіні туралы ғана айтылған. Сондай-ақ сайтта мекеме дәрігерлері жаңа пациенттерді қабылдауға дайын екендігі туралы хабарланды. Клиникада гормондық терапияны алуға болатындығы туралы да жазылған, бірақ препараттар жаңа туған нәрестелерге берілетіні жөнінде айтылмаған.
Сондай-ақ скриншоттарда клиникаға қатысы жоқ үшінші тарап ресурстарынан алынған суреттер де бар екенін атап өткен жөн. 
Талқыланып отырған клиника орналасқан Канадада гормондық терапияға ата-анасының немесе баланың ресми өкілдерінің келісімімен және тиісті медициналық қорытынды болған жағдайда 14 жастан бастап ресми түрде рұқсат етіледі. Яғни, бұл елде жаңа туған сәбилерге осындай терапияны қолдануды заңсыз болып табылады.
Қорыта айтқанда, Канадада жаңа туған нәрестелердің жынысын ауыстыратын клиника жұмыс істегеніне ешқандай дәлел жоқ. Екіншіден, ел заңдарына сәйкес, гормондық терапияны 14 жастан бастап бірқатар міндетті шарттарды сақтай отырып, жасөспірімдер ғана ала алады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button