Fake News

«2022 жылдағы өмір» – StopFake италиялық карикатурашы Вальтер Молиноның картинасы туралы мифті жойды

Коронавирус пандемиясы басталғалы «2022 жылдағы жер бетіндегі өмір» тақырыбындағы картина төрткүл дүниеге тарай бастады. Онда қала ішінде үстінен шынымен немесе үлдірмен жабылған бір кісілік көлікпен жүрген адамдар бейнеленген. Кейбір пайдаланушылар суретті қазіргі жағдайға ұқсатуда. Карантиндік шараларға байланысты адамдар өзін-өзі оқшаулау және қашықтықта жүру ережелерін сақтауға мәжбүр. Тіпті, карикатура авторы Вальтер Молиноны сәуегей деп атағандар да бар. Бүгінде картина қазақстандық мессенджерлер мен пабликтерде белсенді таратылуда. Stopfake редакциясы дереккөздерді шолып шығып, шындыққа көз жеткізді.

 

«2022 жылдағы жер бетіндегі өмір» карикатурасы көктемнің басында кеңінен тарала бастады. Суреттің авторы италиялық карикатурашы Вальтер Молино оны 1962 жылы Domenica del Corriere басылымына арнап салған. Мамыр айында карикатураны ресейлік пабликтер мен ресми БАҚ жариялаған. Мысалы, жарты миллионнан астам жазылушысы бар ресейлік танымал блогер Рустем Адагамовтың Twitter-дегі жазбасы.

 

Бұл карикатураны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған сән тарихшысы және «Модный приговор» бағдарламасының жүргізушісі Александр Васильевтің аккаунты.

 

Ал «Волгоградская правда» басылымы тамыз айындағы санында картина авторын сәуегей деп атап, мақала жазған

 

Карикатура тарихымен таныса отырып, Facta-дағы мақалаға тап болдық. Италиялық әріптестеріміз картинаны егжей-тегжейлі талдап шыққан.

Картинаның авторы иллюстратор Вальтер Молино екендігі рас. Ол 1941 жылдан бері апта сайын жарық көретін Domenica del Corriere басылымында жұмыс істеген. Ал 1962 жылы басылымның мұқабасының соңғы бетіне арнап осы карикатураны салған. Бірақ сурет тарихының медициналық мәселелерге еш қатысты жоқ.

«Егер картинаның оң жағындағы ақпаратқа назар аударсақ, суреттің ірі қалаларда жол қозғалысы мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстың көрінісі екендігін түсінуге болады», – деп жазады Facta.

Жалпы, Domenica del Corriere апталығының 1962 жылдың 16 наурызындағы саны түгелдей көлік проблемаларына арналған.

Алайда, біз мұнымен шектеліп қалған жоқпыз. «Болашақ әрқашан бар» атты кітаптың авторы, италиялық журналистің мақаласында Молино салған бір кісілік көліктердің пайда болуына толық зерттеу жүргізілген.

Болашақ машина Сингалетта (Single – ағылш. Бір кісілік) деп аталады. Эдоардо Поэта жазғандай, Domenica del Corriere басылымының 1962 жылғы 16 желтоқсанындағы санында тағы бір суретші Дисперагидің иллюстрациясы жарық көрді. Сондықтан бір кісілік автомобильдің визуалды тұжырымдамасын кімнің жасағаны белгісіз.

 

Сингалеттаның өзін Чезаре Армано деген кісі ойлап тапқан. Ол болашақ машинаға толық сипаттама берген.

 

«Singoletta жүз мың лирден қымбат тұрмауы тиіс. Оның бір-бірінен қырық сантиметр қашықтықта орналасқан күпшектері бар рамаға бекітілген диаметрі 30 сантиметрлік 4 дөңгелегі болады, фаралары кішкентай, рульмен басқарылады, орындығы бар. Шанағы жалпақ металлдан жасалады. Автомобильдің моделіне байланысты аспасы, аккумуляторы немесе бензин багы болады. Көлік құралының шағын болуының арқасында жаяу жүргіншілер жолының бойындағы тұрақтан әдетте 10 автомобиль алатын жерден бір кісілік 100 машина орын таба алады», – деп жазады басылым.

 

Журналист Эдоардо Поэтаның пікірінше, Сингалетта қазіргі электроскутерлер мен сигвейлердің түпбейнесі болып табылады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button