Fake News

Фейк: «ІІМ мессенджерлерде фото және видео арқылы таралатын компьютерлік вирустар туралы ескертеді»

Қазақстандықтар What ‘ sApp-та «ертеңнен бастап» мессенджерлерде фото және видеоларда вирустар болатындықтан олармен бөлісу қауіпсіз болмайды деген ақпарат тарады. Ескерту ІІМ-нің ақпаратынан көшіріп алынған екен. Бұл өтірік. 

ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– ІІМ-нің компьютерлер мен телефондарды істен шығаратын ашық хаттар мен видеолар арқылы вирустарды тарататын хакерлердің әрекеттері туралы айтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазнетте осыған ұқсас хабарламалар тараған болатын, онда ашық хаттар мен фотосуреттерде «фишинг кодтары» бар деп айтылды. Бұл шындыққа жанаспайды. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар:

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button