Fake News

Фейк: «Pfizer директоры COVID-19 қарсы вакцина тексерілмегенін айтты»

WhatsApp-та Pfizer фармацевтикалық компаниясының директоры кәсіпорын жасап шығарған COVID-19 қарсы вакцина мүлдем тексерілмегенін айтты деген ақпарат таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін түсіндірейік.

Таралған ақпаратқа видео тіркелген, бірақ кадрларда Pfizer директорының мәлімдемесі жоқ. Оның орнына, COVID-19 қарсы вакцинаның аурудың таралуын болдырмау қабілеті тексерілді ме, жоқ па деген сұрақ қойылады. Оны Нидерландтың Еуропарламенттегі мүшесі Роб Роос жолдайды. Оған Pfizer-дің халықаралық нарықтар жөніндегі президенті Джанин Смолл жауап бере бастайды, бірақ видео оның нақты жауабы аяқталғанша тоқтап қалады.
Желіде оның толық нұсқасы бар. Онда Смолл ханым вакцина вирустың таралуын тоқтату қабілетін анықтау үшін тексерілмегенін айтады. Алайда, бұл препарат пайдасыз немесе компания зерттеу жүргізген жоқ дегенді білдірмейді.
Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар аясында ғалымдар вакцинаның бұрын ауру жұқтырмаған адамдарды COVID-19-дан қорғау қабілетін зерттеген. Нәтижелер препарат тиімді және ауру жұқтырған жағдайда аурудың ауыр ағымынан және өлімнен қорғау қабілеті жоғары екенін көрсетті. Яғни, вакцинаны әзірлеудің мақсаты вирустың таралуын тоқтату емес, адамдарды аурудың ауыр ағымынан және одан болатын өлімнен қорғау болды.
Британдық Full Fact фактчекинг порталы Pfizer компаниясына жүгініп, түсініктеме алған. Олардың хабарлауынша, Смолл ханымның жауабы COVID-19 қарсы вакцина тексерілмегенін емес, оның тиімділігі туралы әдейі өтірік айтылғанын дәлелдейді.
«Біздің зерттеуіміздің (…) негізгі соңғы нүктесі вакцинаны алғанға дейін SARS-CoV-2 вирусын жұқтырмаған қатысушыларда COVID-19 ауруының алдын алуда кандидат вакцинаның тиімділігін бағалау болды. Сынақтар SARS-CoV-2 берілуіне қарсы вакцинаның тиімділігін бағалауға арналмаған», – делінген компанияның жауабында.

Демек, Джанин Смоллдың сөздері контекстен үзіп алынған және әдейі бұрмаланғанын білдіреді. Шын мәнінде, ол препаратты шығарар алдында ғалымдар SARS-CoV-2 вирусының таралуын тоқтатуды емес, бұрын ауырмаған адамдарда аурудың ауыр түрінің дамуын болдырмау мүмкіндігін зерттегенін айтқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button