Қазнетте ұзақ өмір сүретіндерге салынатын айыппұлдар туралы ескі фейк таратылуда
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар «өмір сүру мерзімінен» артық уақыт тұрып жатқан зейнеткерлер жауапқа тартылатыны туралы жазды. Бұл – фейк.
Бұл ақпарат Рунетте 2021 жылғы желтоқсанда тараған. Онда Ресей туралы айтылған және оның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Алайда Ресейде де ұзақ өмір сүріп жатқан азаматтарды жауапқа тарту мәселесі көтеріліп жатқан жоқ.
Бұл жаңалықтың дереккөзі – ресейлік «Панорама» ақпарат агенттігі. Бұл – жылына бір рет – 1 сәуірде ғана шынайы жаңалықтар жариялайтын сатиралық портал. Қалған уақытта ойдан шығарылған оқиғалар ғана жарияланады. (https://sdelano.media/panorama/)
Демек, өмір сүру мерзімінен артық тұрып жатқан зейнеткерлердің жауапқа тартылатыны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.
Бұған дейін біз «Панорама» АА сатиралық жаңалықтары шын деп қабылданған жағдайлар туралы жазған болатынбыз.