Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған және қайтыс болған адамдардың 83%-ында ерекше тромбтар анықталды»

Танымал Telegram арналарының бірінде қайтыс болғанға дейін COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың денелерінде ерекше пішінді және түсті қан тромбтар анықталатыны туралы ақпарат таратылуда. Мұндай жаңалықты бальзамдаушы Ричард Хиршман ашқан екен. Оның тұжырымдары вакциналардың аса қауіпті екендігі туралы болжамды неге дәлелдемейтінін түсіндіріп өтейік. 

Біріншіден, Хиршман ерекше тромбтар туралы бұған дейін де мәлімдеме жасаған. Ол ашқан жаңалығы туралы алғаш рет «Доктор Джейн Руби шоуында» айтқан. Бұл бағдарлама қастандық теориялары мен жалған ақпараттар тарататынымен танымал, ал оның авторы Джейн Руби өзінің LinkedIn парақшасында «денсаулық сақтау саласындағы экономист және психология докторы бар саяси сарапшы», дәрігер емес екенін жазған. Алайда, кейінірек ол осы әлеуметтік желідегі парағын жойды. Сонымен қатар, ол бірнеше рет жалған ақпарат таратқан.

Фейк: «КВИ қарсы уытты вакциналар партияларында арнайы белгілер бар»

 

Хиршманның Джейн Рубидің шоуындағы мәлімдемесі үлкен резонанс тудырды. Оны сарапшылар мен тәуелсіз фактчекерлер бірден жоққа шығарды. 

Мысалы, Финикстегі (Аризона астанасы) мәйітхана қызметкері Моника Торрес PolitiFact порталына «бальзамдауға дейін тоңазытқыш камераларында ұзақ уақыт сақталған денелерде күңгірт тромбтардың болуы ерекше жайт емес» екенін айтты.

Юта Денсаулық университетінің гематологы Язан Абу-Исмаил мұндай тромбтар COVID-19 ауруының салдары болуы мүмкін деп түсіндірді. Оның айтуынша, тромбтардың қалыптасуы COVID-19 ауыр түрімен ауырған науқастардың 20-40%-ында және жеңіл және орташа түрімен ауыратындардың 3-9%-ында болған.

Кейіннен Poynter порталының фактчекерлері вакциналар тромбоз тудырады деген болжамды жоққа шығарды.

Сондай-ақ, олар COVID-19-дан кейін тромбтар болуы мүмкін, бірақ клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер негізінде бұл ауруға қарсы вакциналардың мұндай қасиеттері болмайтынын көрсеткенін атап өтті.

Бұл тұжырым, тромбоздың даму ықтималдығы COVID-19 қарсы егілген адамдарға қарағанда онымен ауырғандарда 10 есе артық деген қорытынды шығарылған ғылыми зерттеуге негізделген. 

Басқа да тәуелсіз зерттеушілер тромбоз бен COVID-19-дың байланысын бірнеше рет растады.

Қорыта айтқанда, бальзамдаушының КВИ қарсы вакцина ерекше тромбтардың қалыптасуына әкеледі деген пікірі – фейк. Ол ғылыми зерттеулердің деректері мен әлемдік ғалымдардың пікірлерін елемей, жеке тәжірибесіне ғана сүйеніп отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button