Фейк: «Кванттық шатасу құбылысы ой күшінің бар екендігін дәлелдейді»
Әлеуметтік желілерде ой күшінің қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімелесіп жатқан бірнеше адамның видеосы тарады. Алдымен видеода 20-дан 120 Гц-ке дейінгі жиіліктердің суға қалай әсер ететіндігі түсіндіріледі – жиіліктердің әсерінен су бірден әрекет етеді және пішінін өзгертеді. Видео авторларының пікірінше, сұйықтыққа адамның сезімдері де әсер етуі ықтимал. Мысалы, егер бір адам екінші адам туралы теріс ойласа, онда олардың эмоциялары мен ойлары екі адамның тіндік сұйықтықтарына әсер етеді. Екінші адам мұны сәйкесінше сезеді. Видеода мұндай құбылысты кванттық шатасу, яғни сигналдарды лезде беру және кері ақпарат алу деп атайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видео – бұл 2013 жылы шыққан «Су. Жаңа өлшем» фильмінен үзінді. Бұл – су туралы үш псевдо ғылыми фильмнің бірі. Онда да, басқа фильмдерде де (2006 жылы шыққан «Су» және «Судың ұлы құпиялары») ешқандай дәлелі жоқ судың қасиеттері туралы жалған, ғылыми емес пікірлер айтылады.
Кейбір ғалымдар ой күшінің бар екендігі туралы гипотезаны қарастырады. Алайда, бұл кванттық шатасумен байланысты емес.
Кванттық шатасу – бұл кванттық механикадағы құбылыс, онда екі бөлшек, мысалы, фотондар немесе электрондар үлкен қашықтыққа бөлінсе де бір-бірімен байланысады. Былайша айтқанда, шатасқан жұптың бір бөлшегінің күйі басқа бөлшектің күйіне байланысты болады.
Кванттық шатасудың су мен жиіліктерге ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар кванттық шатасу құбылысында ақпарат бөлшектер арасында берілмейді. Демек, бұл құбылыс әлеуметтік желілерде тараған видеода айтылған ой күшінің бар екендігін дәлелдемейді.
Бұдан бөлек, ой күші сияқты құбылыстың бар екеніне ешқандай дәлел жоқ. Ми-компьютер интерфейсі арқылы жалпы тапсырманы орындау үшін бірнеше адамның ми белсенділігі сәйкестендірілген зерттеулер бар. Мұндай зерттеудің экспериментінде әртүрлі бөлмелерде отырған үш адам видео ойында блокты бірге қоюға тиіс. Екі адам блок қоятын кеңістікті көрді және оны бұру керек екенін білді. Бұл адамдар жіберушілер рөлін атқарды, олар үшінші адамға – алушыға дұрыс әрекет туралы хабарлауы керек. Алушы кеңістікті көрмейді және блокты бұру керек екенін білмеді. Алушыға хабарлау үшін жіберушілер бұрылу қажет екенін білдіру үшін жоғары жиілікті жарықтың жыпылықтаумен немесе төмен жиіліктегі бір жыпылықтаумен бұрылмау қажеттігіне назар аударуға тиіс болды.
Электроэнцефалографтар олардың ми белсенділігін бақылап, жауап алушыға компьютер арқылы жіберді. Яғни, адамдар арасындағы байланыс компьютер интерфейсі арқылы жүзеге асырылды. Адамдар бір-бірімен ой күшімен байланысқан жоқ.
https://www.scientificamerican.com/article/scientists-demonstrate-direct-brain-to-brain-communication-in-humans/#
Демек, кванттық шатасу ой күшінің мүмкіндігін дәлелдемейді. Видеода айтылғандардың бәрі псевдоғылыми және сенімсіз болып табылады.