Fake News

Фейк: «Халықты роботтардың көмегімен басады»

Instagram-да жақын арада адамдарды роботтардың көмегімен басатыны туралы ақпарат тарады. Сан-Франциско полициясы кісі өлтіретін машиналарды қолдануды мақұлданған екен. Бұл жалған.

2022 жылы Сан-Франциско полициясы аса қауіпті жағдайларда қарулы REMOTEC роботтарын пайдалануды ұсынған. Желіде тараған иллюстрацияда басқа нәрсе көрсетілген. REMOTEC антропоморфты роботтан гөрі, шынжыр табанды ұзын механикалық «қолға» көбірек ұқсайды.

Роботтар адамдарға қауіп төнген төтенше жағдайларда ғана пайдаланылмақ. Оларды полиция офицерлері қашықтан басқарады. Яғни, бәрін, соның ішінде қару қолдану-қолданбауды адамдар шешеді.

Алайда, бұл жоспар іске аспады. Сан-Францисконың бақылау кеңесі полицияда қарулы роботтарды қолдануға қарсы дауыс берді. 

Теориялық тұрғыдан мұндай машиналарды пайдалану туралы ұсыныс талқылауға қайта шығарылуы мүмкін, бірақ оның қашан болатыны, жалпы бола ма, жоқ па, белгісіз. 

Демек, кісі өлтіруші роботтарды пайдалануға рұқсат етілгені туралы хабарламалар жалған. Мұндай ұсыныс болды, бірақ ол қолдау таппай, сынға ұшырады және оған тыйым салынды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button