Фейк: «Бүгін және ертең аптап ыстық болады»
WhatsApp-та бүгін және ертең үйден шықпау туралы ескерту тарады. Елге қалыпты циклонмен ыстық келеді, тіпті күйіп кетуге болады екен. Сондай-ақ хабарламада Жерге жақындап, планетамыздың радиациялық фонын едәуір арттыратын «Марс жұлдыздары» туралы айтылады. Мұның бәрі жалған.
Бұл хабарламадағы назар аударлық бір жайт – нақты күндер мен географиялық нүктелердің көрсетілмеуі. Бұл ффейк ақпараттыың белгілердің бірі: хабарламаны кез келген елде және кез келген уақытта таратуға болады және оны оқыған адамдардың бойына қорқыныш сезімі ұялайды.
Одан әрі келтірілген тезистерді талдайық. Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Қазақстанда аптап ыстық болмайды.
Сонымен қатар циклон жылу әкелмейді. Циклондар қатты жел, дауыл, нөсер және басқа да жауын-шашын әкеледі.
Сонымен қатар хабарлама авторы CCTV 13 телеарнасының планетамыздың радиациялық фонын едәуір арттыратын жерге жақындап келе жатқан «Марс жұлдыздары» туралы ескерткен жаңалықтар шығарылымына сүйенеді.
CCTV 13 – бұл Қытай телеарнасы, оның сайтында мұндай оқиғалар туралы сюжеттер жоқ.
Марста жұлдыздар бар екендігі туралы теорияның өзі астрономия негіздеріне қайшы келеді. Күн жүйесінде бір ғана жұлдыз бар – Күн. Марста екі табиғи спутник бар – Деймос және Фобос. Бұл жұлдыздар емес, астероидтар. Олар жерге жақындай алмайды, өйткені оларды Марстың гравитациялық өрісі тартып тұрады.
Қорыта айтқанда, хабарлама – фейк. Онда жалған хабарламаның барлық белгілері және ғылымға қарсы мәлімдемелер бар.