Fake News

Фейк: «Патшайым Елизавета II ивермектинмен емделіп жатыр»

Әлеуметтік желілерде Патшайым Елизавета II COVID-19 емделуі талқылануда. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, оған ивермектин тағайындалған. Бұл covid-диссиденттер өмірді сақтайтын дәрі, ал ресми ғылым оны дертке қарсы тиімсіз деп санайды.


Патшайымның ивермектинмен емделіп жатқаны туралы қауесет австралиялық 9Network телеарнасында көрсетілген жаңалық сюжетіне негізделген. Экранда кадрлардың бірінде «Стромектол» препаратының қаптамасы көрінген, оның құрамындағы белсенді зат ивермектин болып табылады.
Кейіннен телеарнаға иелік ететін компания түсіндіріп өткендей, бұл кадрлар сюжетке қателесіп, алынған. Бұл патшайымды нақ осы препаратпен емдеп жатқанның белгісі емес. Ұйым өкілдері болған жағдай үшін кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта патшайымды емдеу туралы сюжет телеарнаның ресми сайтынан алынып тасталды.
Патшайым Елизавета II COVID-19 жұқтырғаны туралы биыл 20 ақпанда ресми түрде хабарланды. Бұл ретте аурудың жеңіл түрде өтіп жатқаны атап өтілді. Емдеу әдістері туралы айтылған жоқ. 
Естеріңізге сала кетейік, ивермектин – бұл ветеринарияда жиі қолданылатын антипаразиттік препарат. COVID-19 емдеудегі әлеуетін анықтау үшін оны сынақтан өткізді, алайда дәрі-дәрмек айтарлықтай нәтиже бермеді. Біз бұл туралы жазған болатынбыз.

Дәлелсіз: «Ивермектин – бұл вирустың барлық түрлерінде көмектесетін COVID-19 дәрі»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button