Фейк: «Генетик адамдарға ұялы байланыс бағаналары арқылы ауру жұқтыруға болатындығын дәлелдеді»
Әлеуметтік желілерде қолданушылар Петр Гаряевтің сөздерін талқылауда. Бұл жолы ол ұялы байланыс бағаналарының көмегімен адамдарға әртүрлі ауруларн жұқтыруға болатындығын дәлелдеді деп жазылуда. Бұл псевдоғылыми тұжырым.
Петр Гаряевтің теориясы «толқындық геном» теориясы деп аталады. Оған сәйкес, ДНҚ молекула емес, толқын. Бірақ қандай екенін Гаряевтің өзі де білмейді. Кейбір жұмыстарында ол акустикалық толқындар, басқаларында оптикалық және мүлдем бомлайтын торсионды толқындар туралы жазады. Оның теориясына сәйкес, бұл «ДНҚ толқындарын» көшіруге және көбейтуге болады. Гаряевтің логикасы бойынша ДНҚ вирустарын көшіруге және бұл толқындарды адамдарға ауру жұқтыра отырып, ұялы байланыс бағаналары арқылы таратуға болады.
Бұған ғылыми дәлелдер жоқ. ДНҚ толқын емес, қос спираль тәрізді молекула екендігі расталды. Мұны ғалымдар түсірген рентген сәулелері қуататйды.
Гаряевтің еңбектері, оның мақалалары мен эксперименттері ғылыми стандарттарға сәйкес келмегені үшін сынға алынып, шын деп қабылданбады. Ол берген формулаларда өрескел қателіктер болды. Гаряев өз жұмысының тең авторлары деп атаған адамдар онымен ешқашан жұмыс істемегенін және псевдоғалым сипаттаған эксперименттер жалған және олардың нәтижелерін сенімді деп санауға болмайды деп мәлімдеді.
Демек, Петр Гаряевтің теориялары псевдоғылым. «Толқындардың ізін» жасау мүмкін емес, ДНК – бұл толқын емес, молекула, ал вирустарды ұялы байланыс бағаналары арқылы тарату мүмкін емес.