Жаңалықтар

Донорларды ынталандыру мәселесі әлеуметтік желілерде талқылануда

Ертең, 10 қазанда Денсаулық сақтау министрінің «Донорларға төленетін төлемдердің қағидалары мен өлшемшарттары туралы» жаңа бұйрығы күшіне енеді. Құжатқа осы жылдың 25 қыркүйегінде қол қойылды.

Facebook қолданушылары Қазақстанда қан донорларына ешқандай сыйақы берілмейтіні туралы жазылған постты талқылауда. Пост авторының айтуынша, еріктілерді қан тапсыруға мүлдем ынталандырылмайды және донорлық денсаулық сақтау жүйесінің «басым бағытына» жатпайды.

«Донорлық қан ақшамен өлшенбеуі керек, бұл жағдайда донор өз ауруларын жасыруы мүмкін, бұл бірінші кезекте донордың денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондай-ақ донорлық қан құйылатын пациенттің денсаулығына зиян тигізуі ықтимал», – деп түсіндірді елордалық Қан орталығының мамандары.

Сондай-ақ дәрігерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, донорлық өтеусіз болуы тиіс екенін еске салды.

«Ақысыз донорлық «алтын стандарт» екендігі дәлелденді, қан тапсыруға баратын адам материалдық пайда туралы емес, науқастың өмірін сақтау туралы ойлайды», – деп атап өтті Қан орталығындағылар.

Сонымен қатар, Қазақстанда кейбір жағдайларда қан тапсырғаны үшін ақша төленеді.

Бірақ ақылы негізде донорлар қанның белгілі бір антигендік сипаттамалары құжатта көрсетілген жағдайда ғана шақырылады. Олардың арасында:

– АВО жүйесі бойынша әмбебап қан тобы;

– резус-теріс тиістілік немесе қан компоненттері дайындалатын әлеуетті реципиентпен қанның антигендері бойынша ұқсастық;

– қанның қажетті антигендік сипаттамаларын ескере отырып, әлеуетті донорларды жұмыстан тыс уақытта (түнгі сағаттар, демалыс және мереке күндері) шұғыл түрде шақырған жағдайда;

-белгілі бір топтағы және резус-тиістілігі бойынша қан компоненттеріне ұзақ мерзімді және жоғары қажеттілік жағдайларында.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығында өтеулі негізде қан мен оның компоненттерін донациялауды орындайтын донорларға төленетін төлемдердің қағидалары, өлшемшарттары мен мөлшері бекітілді.

Құжатқа сәйкес төлемдер:

– 450 миллилитр мөлшерінде бір реттік қан донациясы үшін 2 АЕК (5 556 теңге);

– 550 миллилитр мөлшерінде плазманың екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін 4 АЕК (11 112 теңге);

– 550 миллилитр мөлшерінде иммундық плазманың екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік иммундық плазма донациясы үшін 7 АЕК (19 446 теңге);

– 550 миллилитр мөлшерінде екі реттік плазмаферез кезінде 1: 64-тен төмен емес резус антиденелер титрімен изоиммундық плазманың бір реттік донациясы үшін 8 АЕК (22 224 теңге);

– аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін – 1 АЕК (2778 теңге);

– аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасының бір реттік (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) донациясы үшін – 2 АЕК (5 556 теңге).

 

Ақысыз қан тапсырған еріктілер үшін тегін тамақтың ақшалай баламасы (0,25 АЕК, 695 теңге) қарастырылған.

Сонымен қатар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 167-бабына сәйкес, донор қан тапсырған күні ақылы демалыс алуға құқылы. Сондай-ақ, еріктілерге бір жылдың ішінде қосымша бір демалыс алуға немесе оны еңбек демалысына қосып алуға болады. (https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30479065#pos=4451;-36).

Тұрақты түрде қан тапсыратындарға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен табысталады. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградасы.

Ол қанды 40-тан аса мәрте немесе қан плазмасын кемінде 70 рет ақысыз негізде тапсырған донорларға беріледі.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button