Конспирология

Фейк: «Иерусалимде аспаннан шыққан ерекше дыбыстар естілді»

Желі қолданушылары таратқан видеода дөңгелек ерекше бұлт бұлт көрсетілген және және шулаған дыбыс шығады. Бұл кадрлар Иерусалимде түсірілген екен. Шын мәнінде кадрларда не көрсетілген? Анықтайық.

Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен 2016 жылы жарияланған видео табылды. Сол жылы Snopes.com фактчекинг порталы осы видеоны талдап, мақала жариялаған. Онда видео авторы израильдік видеограф Ронен Барани екендігі айтылған. Ол арнайы эффекттер бойынша маман және оның YouTube арнасында Иерусалимде аспанда қалықтаған «ұшатын табақтың» роликтерін және басқа да эффектілерді көруге болады.
Бұл сақина бұлты мен ерекше дыбыстары бар бейне нақты түсірілім емес, бейне өңдеу бағдарламаларында жұмыс істеудің нәтижесі екенін көрсетеді.
Осыған қарамастан, видео діни және конспирологиялық контексттерде таратылуда. Кейбіреулер қолданушылардың пікірінше, роликтегі дыбыс ақыр заманның немесе антихристтің келуінің белгісі.
Шындығында, бұл ролик – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button