Фейк: «Жартастар – бұл кесілген алып ағаштардың қалдықтары»
Әлеуметтік желілерде қазіргі жартастар бір кездері болған алып ағаштардың діңгектері деген теория тарады. Бұл таулар мен ағаштардың сырттай ұқсас болуынан байқалады. Бұл теорияны талдап шығайық.
Қазіргі ормандар – бұл биіктігі жүздеген метрге жеткен бұрынғы ауқымды жасыл массивтерден қалғаны туралы теория жазық Жер теориясын жақтаушылар арасында танымал. Олардың пайымдауынша, Жер шар тәрізді емес, сондай-ақ ғалымдар бізге сипаттағаннан мүлдем басқа жолмен дамыған. Атап айтқанда, олардың пікірінше, жүздеген жылдар бұрын Жер бетінде барлық тіршілік иелерін, соның ішінде алып ағаштарды жойған жойқын апат болған. Олардан қалған діңгектерді қазір таулар мен жартастар деп атайды екен. Бұл теорияны жақтаушылар келтіретін жалғыз дәлел – ағаштар мен кейбір жартастардың сырттай ұқсас болуы.
Шындығында, бұл дәлел сын көтермейді. Әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі таулар мен жартастар әртүрлі жолдармен пайда болған және әртүрлі жыныстардан тұрады. Бұл тастың қалай және неден шыққандығы оның сыртқы түріне байланысты. Мысалы, ағашта салынған өрнекке ұқсайтын тік жарық сызықтары бар жартастар болады. Алайда, бұл олардың ағаштан қалыпатсқанын білдірмейді. Тік жарық жолақтары кварц тамырлары болып табылады.
Сондай-ақ жанартау белсенділігі салдарынан пайда болған жыныстар да бар. Солардың бірі – АҚШ-тың Вайоминг штатындағы Жын мұнарасы. Айта кетейік, Желіде оны көп жағдайда кесілген алып ағаштың қалдығы деп көрсетеді.
Геологтар бұл тау жыныстарының ерекше формасын баяғыда түсіндіріп өткен. Ол жанартау атқылауының нәтижесінде пайда болған, ал аққан магма қатып, оның бетінде шұңқырлар мен шығыңқы жерлер қалыптасқан.
Исландиядағы Рейнисдрангардағы базальт жыныстары да ерекше көрінеді. Олар белгілі бір жағдайларда базальт лавасының қатуынан пайда болған бес немесе алтыбұрышты «сырықтардан» тұрады.
Жартастардың ерекше пішіндері олардың бұрын ағаш, бұта немесе басқа бірдеңе болғандығының белгісі емес. Жартастардың пішіні мен түсі олардың қалай, қандай жағдайда және қандай жыныстардан түзілгеніне байланысты.
Демек, жартастар – бұл ежелгі ағаштардың діңгектері деген теория – фейк.