Конспирология

Фейк: «Ғарышта ірі қала табылды»

Танымал Telegram чаттарының бірінде ғарышта ірі мегаполис табылғандығы туралы ақпарат шықты. Ол 1994 жылы анықталған, бірақ NASA сенсациялық жаңалықты қарапайым адамдардан жасырып отыр екен. Мұның бәрі жалған.

Ғарыштағы қала туралы жаңалық та, оның суреттері де әзіл. 2009 жылдың қыркүйегінде Weekly World News сатиралық таблоиды ғарышта қала табылғаны туралы жаңалық жариялаған. Мақалада фотосуреттер ұсынылған. Сол суреттер осы жолы тараған хабарламаға тіркелген.
Weekly World News – 1979 жылдан 2007 жылға дейін шығарылған америкалық сатиралық таблоид. Онда жарияланған барлық мақалалар ойдан шығарылған, ал фотосуреттер өңделген. Мысалы, таблоидта өзгеғаламшарлықтар, вампирлер, су перілері және басқа да мифтік тіршілік иелері жайлы ұдайы айтылатын.
Қазіргі уақытта таблоид шығарылмайды. Барлық жаңа мақалалар тек онлайн режимінде ғана жарияланады. Сайтта лепрекондардың әрекеттерінен құтылу амалдары, динозавр тірідей жеген ер адам және Күн жүйесінің таңбасымен туған бала жайлы оқи аласыздар. Әрине, мұның бәрі, ойдан шығарылған.
Демек, Қазнетте таралған ақпарат ескі әзілге негізделген фейк болып табылады. Ғарышта мегаполис табылмаған және NASA мұндай жаңалықты жасырып отырған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button