Тарих

Чарльз III оққағары Кембриджде емтихандарды корольден жақсы тапсырғаны рас па?

Instagram-да король Чарльз III ханзада кезінде Кембриджде оқығаны туралы оқиғаны кездестіруге болады. Оның жеке оққағары онымен бірге дәріске барып жүрген екен. Материалды мұқият тыңдаған ол соңында қорытынды емтихандарды ханзадан гөрі жақсы тапсырған. Бұл рас па? Тексерейік.

Ханзада Чарльз, қазіргі Король Чарльз III, 1967-1970 жылдары Кембридждегі Тринити колледжінде білім алған. Ол антропология, тарих және археологияны зерттеген. Университетке түскен ханзада Чарльз ресми түрде жоғары білім алған корольдік отбасының алғашқы мүшесі болды. Оған дейінгілердің бәрі орта білім алғаннан кейін әскерде қызмет етуге жіберілген.
Оқыған кезде ханзаданың жеке оққағары болғаны рас. Ашық ақпарат көздеріне сәйкес, оққағар колледж аумағында тұрған, кампуста Чарльзбен бірге ертіп жүрген, бірақ дәрістерге қатыспаған. Демек, оның университеттің қорытынды емтихандарын тапсыруға және қандай да бір баға алуға мүмкіндігі болмаған. 
Олай босла, таралған хабарлама фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button