Тарих

Фейк: «Карл Маркс халықты құлдыққа салу туралы нұсқаулық әзірледі»

Telegram-да Карл Маркс әзірлеген 19 тармақтан тұратын «Халықты құлдыққа салу жөніндегі нұсқаулық» тарады. Мұның бәрі жалған. Неге екенін түсіндірейік.

Карл Маркс – философ, экономист және жазушы. Пролетариат басқарған социалистік революция мен капиталистік жүйені құлату қажет деген ойға негізделген марксизм тұжырымдамасының негізін қалаушы.

Маркс құлдық пен феодализмді жақтырмаған, бұл туралы тарихшылар айтқан және оны Маркстің жазбаларынан байқауға болады.  Демек, ол халықтарды тұтастай құлдыққа салу идеяларын насихаттаған жоқ. Ақпаратта келтірілген «әдістер» Маркстің жазбаларында да, оның өмірбаянында да кездеспейді.

Маркстің заманына тән емес даулы идеялары болды, бірақ ол ешқашан жастарды бүлдіруге, өнерді қорлауға және хабарламада айтылғандарды жасауға шақырмаған. 

Сондай-ақ қазіргі кезде Маркстің идеялары танымал емес екенін атап өткен жөн. Марксизм кейбір саяси партиялардың ресми идеологиясы болғанымен, әлемнің басым бөлігінде оның теориялары ешқашан орындалмаған. Сонымен қатар Маркс сипаттаған экономикалық модель жиі сынға ұшырайды, өйткені ол сұраныс пен ұсыныс заңын мүлдем елемейді және кез келген тауардың құны жұмысшылардың оны жасауға жұмсаған жұмыс көлемінен тұрады дейді. 

Таралған дәйексөздер Карл Маркстің шығармаларында кездеспейді, демек, ол осылай деп мәлімдеді деп айтуға негіз жоқ. Әлемнің көптеген елдері марксизм идеяларын ұстанбайды және ұстанбаған, сондықтан таралған «әдістерді» шын деп қабылдамау керек.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button