Тарих

Болмаған рекордтар

Марафоншы Фредерик Лорц 1904 жылы Сент-Луис Олимпиадасында 40 шақырымды еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті. Жеңіс медалін оған АҚШ президенті Теодор Рузвельттің қызы табыс етті. Бірақ көп ұзамай спортшының тек 12 км ғана жүгіріп өтіп, қалған қашықтықты машинамен бағындырғаны мәлім болды. Бұл мәреге 10 минуттан кейін қалған жүгірушілер жеткен кезде анықталды.

Бүгін біз сенуге болмайтын рекордтар туралы айтып береміз.

 

Жалған жазылушылар

Италиялық Ювентус шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram-да әлемде алғаш болып 200 миллион фолловер жинаған. Бұл рекорд рас па?

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында The Sun Hypeauditor-ға сілтеме жасай отырып, барлық қыздар ұнататын спортшыға жазылушылардың төрттен бірінен астамы жалған екендігін хабарлады.

Зерттеу нәтижесінде Роналдуға жазылғандардың тек 72,8%-ы ғана нақты адамдар екендігі анықталды. 18,7% – боттар немесе фолловерлерді, лайктар мен пікірлерді сатып алатын аккаунттар. Сондай-ақ, жазылушылардың 6,4% – автоматты түрде жазылу мен одан шығу құралдарын қолданатын 1500-ден аса Instagram парақшаларына жазылған масс-фолловерлер.

Демек, футболшының Instagram-дағы жазылушыларының 25,1% немесе 50,2 миллионы жалған.

 

Қос сесептеу

2018 жылы СКА хоккей клубы өз матчтарына келушілер саны бойынша әлемдік рекорд орнатты деп мәлімдеді. Жұрт оған сенді.

2018 жылғы 16 желтоқсанда «Газпром аренада» өткен Ресей мен Финляндия командаларының кездесуі кезінде матчқа келушілер саны бойынша Ресей рекорды орнатылды.

Ойын соңында матчқа 71381 көрермен қатысты деп жарияланды. Бірақ шараға (ойынға дейін «Самоцветы» және «Мумий Тролль» топтарының концерттері өтті) 81 мың адам қатысқан. «Газпром Арена» таблосында екі сан да көрсетілген. Бірінші арнаның эфирінде 2010 жылы Әлем чемпионатында орнатылған еуропалық рекорд жаңартылды жеп хабарланды. Германия-АҚШ кездесуіне қатысқан көрермендерс аны 77803 құраған. Бұл жаңалықты «Матч ТВ», «Российская газета» және басқа да ірі БАҚ-тар таратты. Бірақ бұл рекорд – фейк.

«Газпром Аренада» өткен Ресей-Финляндия тарихи матчына 71 381 көрермен қатысты.

Жалпы алғанда, концерттерге, Hockey Classic Fest шараларына және қалалық стадиондағы ойынға 81 000 жанкүйер келген.

Спорттық функционер Роман Ротенберг былай деді: «81 мың – бұл күні бойы аренаға келген адамдар саны. Матчта 71 болған – бұл ресми көрсеткіш».

Шын мәнінде, адамдар «Мумий Тролль» тобының концертіне келіп-кеткен, яғни тұрақты трафик болды. Бұл ретте матч алдында музыканттардың шарасына жеке билеттер сатылмаған. Концерт хоккей матчына келгендерге арнап ұйымдастырылған. Демек, сол келушілерді екі рет санаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button