Тарих

Фейк: «Әлемде метро салынбаған, оны қазып алған».

Әлеуметтік желілерде метро станциясының кіреберісі бейнеленген фотосурет таратылуда. Сурет 1903 жылы түсірілген. Ал пайдаланушылар станция салынбаған, өйткені ол кезде қажетті технологиялар болмаған, оларды қазып алған деген қорытынды жасайды. Бұл шындыққа жанаспайды.


Адамзаттың жетістіктері – бізге дейін өмір сүрген ежелгі өркениеттің еңбегі деген теориялар балама тарих теориясы деп аталады. Соңғы жылдары оны жақтаушылар саны артып келді.
Бұл жолы адамдар ірі қалаларда метрополитен жүйелерін салмаған, қолданыстағы станциялар мен жерасты теміржолдарын қазып алған деп жазуда. Бұған метро станциясы кіреберісінің 1903 жылғы суреті «дәлел». Біз ненің белгісі, анықтайық.
Тарихи фотосуретке тағы бір заманауи фотосурет тіркелген. Суреттерді кері іздеу құралдарын қолдана отырып, оның суреттегі метро станциясы Нью-Йоркте, Батыс 79-көше мен Бродвейдің қиылысында орналасқанын анықтадық.


Бұл Нью-Йорктегі ең көне метро станцияларының бірі.
Қала билігі 1864 жылы алғашқы метро желісінің құрылысын жоспарлай бастаған, оған осы станция да енген. Мысалы, Лондонда ол кезде метроның жұмыс істеп тұрғанына бір жыл болған.
Нью-Йорк метросындағы алғашқы тармақты салу туралы келісім 1900 жылы жасалды. Ал 1904 жылы бұл желі және ондағы 28 станция пайдалануға берілді.
Демек, 1903 жылы салынған метро кіреберісінің фотосуреті таңқаларлық жайт емес. Ол кезде станция құрылысы жүргізіліп жатқан болатын.
Сурет Нью-Йорк метрополитенін белгілі бір ежелгі өркениет салып, оны адамдар қазып алғанын дәлелдемейді. Сонымен қатар, мұндай теория ойға қонымсыз, өйткені метро желілері қала тұрғындары көп жүретін және жүктеме көп түсетін көшелерде салынады. Бұрынғылар адамдарға қажет жерде метро салғанын елестету мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама өтірік. Тарихи суреттер метро станцияларының салынбағанын, оларды қазып алғанын дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button