Фейк: «Құрамында мРНҚ бар ет магнитке тартылады»
Telegram-да тараған видеода әйел тартылған ет қаптамасына магнит жақындатады. Оның айтуынша, тартылған ет құрамында мРНҚ бар, сондықтан оған магнит тартылады. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, магниттер етке тартылады деген идея 2021 жылы шыққан. Пайдаланушылар магниттерді пластикалық қаптамаға оралған сиыр мен тауық етіне жақындатқан.
«Тәжірибе» жүргізілген кеңінен тараған роликтерге ден қойған АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі ет магнитке тартылмайды деп мәлімдейді. Олар видеода көрсетілген әсерді олар өнім оралған пластикалық пленка дымқыл немесе майлы болуымен түсіндірді, магнит етке тартылмай, оған жабысып қалған.
Етте мРНҚ технологиясы негізінде жасалған вакциналар болуы мүмкін емес. Себебі бұл платформадағы ветеринарлық препараттар әлі әзірленуде және қолданысқа енгізілмеген. Сондай-ақ малды нақ осындай препараттармен егу туралы талаптар жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған видео 2021 жылы танымал болған трендтің бір бөлігі. Бүгінгі күні малға арналған мРНҚ негізіндегі вакциналар жоқ.