Fake News

COVID-19 қарсы вакциналар приондық аурулар мен ми дегенерациясын тудырмайды

Желіде COVID-19 қарсы вакциналар біртіндеп приондық аурулар нәтижесінде ми дегенерациясын тудыруы мүмкін деген қорытынды шығарған «таңқаларлық зерттеу» туралы ақпарат таратылуда. Бұл жалған.

Алдымен приондық аурулар деген не екенін анықтайық.
Приондық аурулар (ПА) – бұл жұқпалы прион ақуыздарынан туындаған сирек кездесетін нейродегенеративті аурулар тобы.
Приондық аурулармен адамдар да, жануарлар да ауырады. Кейде адамдарға ауру малдың ет өнімдері арқылы беріледі. Адамдарға жұғатын прион ауруының ең көп таралған түрі Крейтцфельд-Якоб ауруы (CJD) болып табылады.

Прион көп жағдайда «сиыр құтыруы» (губка тәрізді энцефалопатия) ауруымен ауырған сиырлардан және медициналық құралдар арқылы жұғады.
COVID-19 қарсы вакциналар приондық аурулар тудыруы мүмкін екендігі туралы фейк иммунолог Барт Классеннің америкалық Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналары туралы мақаласынан кейін шыққан. Автор өзінің дәлелденбеген мәлімдемелермен белгілі. Классен өзінің кезекті мақаласында коронавирусқа қарсы вакциналардың компоненттері ақуыздардың дұрыс ұюмауына әкеліп, приондық аурулар тудыруы ықтимал деп мәлімдеген.
Классен өз мәлімдемесін бірде-бір зерттеумен дәлелдемейді. Ал вакциналар мен приондық аурулардың арасында байланыстың жоқтығын көрсететін ондаған мың адамның қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері бар.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Марта Шаран Politifact-ке түсініктеме берді:
«VAERS COVID-19 вакцинациясынан кейін приондық аурулардың, Альцгеймер ауруы немесе амиотрофиялық бүйірлік склероз (als) туралы хабарлама алған жоқ. Бүгінгі таңда COVID-19 қарсы вакциналар мен осы жағдайлар арасындағы себептік байланысты көрсететін дәлелдер жоқ».

Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналары Альцгеймер ауруын тудырмайтыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

COVID -19 қарсы вакциналар Альцгеймер ауруын тудырмайды

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button