Конспирология

Фейк: «Клондарды тікелей эфирде көрсетеді»

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше теорияны алға тартуда. Олардың пікірінше, теледидардан танымал тұлғалардың орнына клондар көрсетіледі. Бұған дәлелретінде микрофонды түзеткенше баскетболшы Джейлен Роуз тырп етпей тұрған видеосы ұсынылуда.

Таралған кадрлар 2018 жылы NBA-ның соңғы ойындарының бірінде түсірілген. Джейлен Роуз матч барысын бақылап тұрған, оның назары бір-біріне доп беріп жатқан ойыншыларда болды.
Ол мұны кейін сұхбат кезінде растады.
– Мен жұмысыма назар аударамын және оған өте байыпты қараймын. Осы бизнеске келгісі келетін барлық жас журналистерге, спортшыларға – бізді күліп, әзілдеп тұрғанымызды жиі көресіздер, бірақ шын мәнінде мен болып жатқанды назарымнан тыс қалдырмаймын, ойынды қарап отырамын», – деп түсіндірді ол.
Әлемнің көптеген елдерінде адамды клондауға заңмен тыйым салынғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар бүгінгі күні бұл процедураны жүргізуге мүмкіндік беретін технологиялар жоқ.
Кейде Желіде атақты клондар туралы хабарламалар шығып тұрады. Бірақ барлығы шындыққа жанаспайды және оларды қисынды түрде түсіндіруге болады. 
Бір орында тырп етпей тұрған баскетболшының видеосы да танымал адамдардың орнына теледидардан клондары көрсетіледі деген теорияны растамайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button