Конспирология

Аспандағы голограмма глобалистердің жаңа «ойыншығы» дейді

Желіде ғажайып голограмманың видеосы тарады. Аспанда пайда болған порталдан фантастикалық тірі жандар шығып жатқандай көрінеді. Жарияланым авторларының пікірінше, мұның бәрі глобалистердің айла-амалдары.

Шын мәнінде, бұл гиперреалистік голограмма 2023 жылдың 7 желтоқсанында Лос-Анджелесте Games Awards салтанатты рәсімінде көрсетілген. Осылайша Asgard’s wrath 2 рөлдік ойыны іске қосылды. Бұл өткен жылы ең көп күткен Meta Quest релиздерінің бірі.
Голограмманың биіктігі 30 метрді құрады. Аспандағы портал жолдың дәл үстінде пайда болды. Оның ішінде ойын кейіпкерлері көрсетілді. Бұл жарнаманы BBDO New York компаниясы жасаған екен. Оның креативті директоры әлеуметтік желіде Лос-Анджелес аспанында тәртіпсіздік тудырған солар екенін айтты. 
Сонымен қатар Фокс жарнамалық науқан Лондондағы голограммалар жасайтын Kaleida фирмасымен, VFX Method Studios және Meta компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылғанын жеткізді.
Ерекше голографиялық кескінді жасау туралы толығырақ AV журналы баяндады. Ауқымды проекция автотұрақтағы крандарға ілінген голограмма торына қойылған.
Жарияланымда 2023 жылы көктемде әлеуметтік желілерде таралған тағы бір видео бар. Онда аспандағы ерекше жарық көрінеді. Ролик алғаш рет сәуір айында Wow Terrifying Twitter-дегі аккаунтта жарияланды және «Бұл не» деп жазылды.

Журналистер бұл құбылыс түсірілген орынды анықтамақ болды. Ресейлік Esoreiter жобасының пайымдауынша, ол Қытайда түсірілген. Қалған БАҚ нақты орын анықталмағаны туралы хабарлады.
Бейтаныс ұшатын нысанға сенетіндердің айтуынша, бұл ғарышқа ұшатын аппарат.
Ұтымды ойлайтын адамдар мұны қисынды түсіндіре алды. Пікір білдіргендердің бірі бұл жай ғана мұнардан көрінбей қалған зәулім ғимарат дейді. Біреулердің ойынша, бұл монтаж. Қалай болғанда да, ресми дереккөздердің ешқайсысы бейтаныс ұшатын нысан деген нұсқаны растаған жоқ.

Оның үстіне, видеолардың ешқайсысы глобалистердің бірнәрсе ойлағанын растамайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button