Конспирология

Фейк: «HAARP жүйесінің ауа райына әсерінің дәлелі видеоға түсіп қалған»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда үлкен бұлтқа ағып жатқан су бағанасы бейнеленген видео тарады. Видеода бұл – HAARP жүйесінің нәтижесі деп жазылған. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

Таралған видеода осы жылдың қыркүйек айының басында Кубада түсірілген су құйыны көрсетілген.

Кубада құйын мен торнадо сирек болмайды. Олар тамыздан қарашаға дейін жиі болып тұрады.
HAARP жүйесінің бұған ешқандай қатысы жоқ. HAARP – бұл жердің ионосферасының қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеуге арналған жүйе. Бұл ауа райы мен климатқа әсер етпейді. Бұл туралы жүйені бақылайтын Аляска университетінің ресми сайтында жазылған.
Алайда, HAARP-тың қалай және не үшін жұмыс істейтіні туралы толық ақпараттың болмауы конспирологтарға қолайлы болып тұр. Біз бұл жүйенің көптеген табиғи апаттарға, «Фукусима-10» атом электр станциясындағы апаттарға себеп болды, тіпті жаһандық жылынуға әкелді деген фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.
Сондай-ақ, үлкен аумақтарда ауа райын бақылауға немесе катаклизмдер тудыра алатын технологиялар әлі де болса жоқ екенін атап өткен жөн. Кейбір елдер қатты құрғақшылық кезінде бұлттард айдау немесе жауын-шашын шақыру әдістерін қолданады. Алайда, мұның бәрі өте шектеулі аумақтарда ғана тиімді болатын қысқа мерзімді шаралар.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама жалған. Видеода Куба жағалауында болған құйын. HAARP жүйесінің оған да, әлемдегі барлық басқа дауылдарға да, құйындарға және торнадоларға ешқандай қатысы жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button