Конспирология

Фейк: «Дүниежүзілік экономикалық форум бірыңғай әлемдік валюта шығарды»

Қазнетте Дүниежүзілік экономикалық форум өзінің ресми криптовалютасын жасады деген ақпарат тарады, болашақта әлемде сол ғана болады екен. Бұл рас па, анықтайық.

Ақпаратта Ethereum криптовалютасы туралы айтылады. Бұл Ethereum Foundation компаниясы шығарған валюта.

Ethereum – бұл криптовалюта ғана емес. Бұл блокчейн негізінде орталықтандырылмаған онлайн-қызметтерді құруға арналған платформа. Жоба авторы – Виталик Бутерин. Ол 2013 жылы әртүрлі салаларда блокчейн жүйесін пайдалануға мүмкіндік беретін жалпы платформа жасамақ болған. Іске асыру қиын болғандықтан жоба 2015 жылы ғана іске қосылды. Ehthereum криптовалютасы кейін жасалды. Бутериннің айтуынша, ол компанияның басты басымдығы емес.

2015 жылдан бастап Ethereum Foundation компаниясы айтарлықтай ұлғайып, платформаның мүмкіндіктеріне JPMorgan Chase және Goldman Sachs банктері, MasterCard және PayPal төлем жүйелері, Instagram әлеуметтік желісі және Lufthansa әуе компаниясы қызығушылық танытты.

Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында Ethereum туралы мақалалар бар. Алайда, онда осы немесе басқа бір криптовалюта Форумдағы немесе әлемдегі жалғыз ресми криптовалюта болады деп айтылмайды. ДЭФ сайтындағы мақалалардың бірінде форум блокчейн технологиясын дамытуға қолдау көрсетеді делінген, алайда бұл жүйені Ethereum Foundation компаниясы ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да компаниялар қолданады.

Бірыңғай әлемдік валюта жасау идеясы жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясынан бастау алады. Ол белгілі бір құпия әлемдік үкімет барлық елдердің егемендігін жоюға, бірыңғай цифрлық валюта енгізуге, отбасы мен жеке меншік институттарын жоюға және басқа да даулы жаңалықтарды енгізуге ниетті дегенге негізделеді.  Біз бұған ешқандай дәлел жоқ деп жазған болатынбыз. Бұл теорияны растайтын Желіде табылған «құжаттарды» осы қастандық идеясын жақтаушылар жасаған болып шықты.

 

Фейк: «БҰҰ барлық мемлекеттердің егемендігін, жеке меншікті және ата-аналардың бала тәрбиелеу құқығын жоюды жоспарлап отыр»

 

Қорыта айтқанда, Дүниежүзілік экономикалық форум жақын арада әлемде жалғыз қолданылатын өзінің цифрлық валютасын жасайтыны туралы жариялаған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button