Манипуляция: «Энтони Фаучи 2024 жылы жаңа пандемия болатынын болжады»
Желіде президент Джо Байденнің бас медициналық кеңесшісі болған доктор Энтони Фаучидің сөзінен үзінді тарады. Кадрларда ол келесі пандемия туралы айтады. Бұл нені білдіреді? Оны қалай түсінуге болады? Айтып берейік.
Доктор Энтони Фаучи 2022 жылдың қарашасына дейін президент Джо Байденнің бас медициналық кеңесшісі қызметін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірде ол Джеймс Мэдисон университетінде шақырылған қонақ ретінде сөз сөйледі. Шараның толық жазбасы YouTube-те бар.
Онда Энтони Фаучи келесі пандемияның болатынын болжамайды, жай айтады. Ол келесі жылы да болуы мүмкін, шөберелеріміз өмір сүргенде де болуы мүмкін. Біз оны білмейміз, дейді ол.
Фаучидің тағы бір пандемия туралы сөз қозғауы таңқаларлық жайт емес. Ірі індет ошақтары жиі болып тұрады және олардың көбі тарихи дереккөздерде сипатталған.
Ғалымдар COVID-19 пандемиясынан кейін міндетті түрде басқасы болады деген ортақ пікірде. Бұл табиғи нәрсе. Мұны біле тұра, ғалымдар аурудың келесі өршуі қашан және бұған нақты не себеп болатынын болжауға тырысады. Бұл өз кезегінде оған дайындалуға және ықтимал шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, таралған видеода доктор Энтони Фаучи 2024 жылы жаңа пандемия болатынын болжамайды, жай оның алдағы уақытта болатыны жайлы айтады. Бұл оның жеке пікірі емес, ғылыми консенсус. Демек, оның пайымында таңқаларлық немесе ерекше ештеңе жоқ.